Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелде жұмыс істегісі келетін мамандар үшін ең қолайлы мемлекеттердің тізімі жасалды

Германия – отанынан кетіп, шетелде жұмыс істегісі келетін білікті шетелдік мамандар үшін ең қолайлы мемлекет. Дәл осында мамандардың мансабында өрлеуі үшін жақсы мүмкіндіктер жасалған. Тиісті зерттеу жүргізген Ұлыбританияның HSBC банкі осындай қорытындыны ұсынып отыр.

Шет елде жұмыс істегісі келетін мамандар үшін ең қолайлы мемлекеттердің тізімі жасалды

Бұл туралы Bloomberg басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тізімдегі екінші орынға Бахрейн, үшінші орынға Британия жайғасты. Мамандардың сөзінше, Лондон шетелдіктердің келуіне қатаң шектеу қойғанымен, өз позициясын жақсартқан. Басылым мәліметінше, мемлекеттің премьер-министрі Тереза Мэй тек жоғары біліктілікке ие жұмысшыларға басымдық беріп, елдегі мигранттар санын азайтпақ.

Мамандар жасаған тізімнің бестігіне Біріккен Араб Әмірліктері мен Швейцария кірді. Олардан кейін Швеция, Сингапур және АҚШ жайғасқан. Ал ондықты Канада мен Гонконг аяқтады. Аталған тізімге Ресей енбеген.

HSBC жүргізген зерттеу барысында 2018 жылдың наурыз-сәуір айларының аралығында 20 мыңнан аса шетелдік маман сауалнамаға қатысқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау