Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешіндіріп мұзға отырғызып қойды: Асхат Садырбай жалаңаштанып танылғандарға қайсар қыздарды үлгі етті

Тележүргізуші Асхат Садырбай тәнін жалаңаштап танылған қыздардың әрекетін сынға алды.

Шешіндіріп мұзға отырғызып қойды: Асхат Садырбай жалаңаштанып танылғандарға қайсар қыздарды үлгі етті

“Ол қыздар тәнін жалаңаштап xайп жасаудан жарысқан жоқ. Оларды желтоқсанның қақаған аязында мұзға отырғызып қойып су шашты. Ол қыздар инстаграм арқылы танымал болып ток-шоуларға барып жұртқа ақыл айтқан жоқ. Олар алаңға әр ұлттың өз көсемі болсын, қазақты қазақ басқарсын деп шықты. Олардың ақылдылығы елдің болашағы үшін алаңдауында еді. Оларды сол үшін оқудан қуып, жатақxанадан шығарып жіберді.

Олар өз елінде еркін тұрып, еркін жүргісі келді, азаттықты аңсады. Олар өзге емес өз тілінде сөйлеп өз ділінде қалғысы келді. Ол қыздар қазақтың қайсар қыздары еді. Қайсарлық мінезден. Ал, мінез ардан, ұяттан, ибадан. Ұят-иманнан! Қыздар, шешіну, жалаңаштану ешқандай ерлік те батылдық та емес! Бейбіт күнде бір-бірлеріңізбен шешінуден жарысуды доғарыңыздар! Заманды кінәләудің қажеті жоқ. Ақыл, білім, тәрбиеде мәселе!”, – деп жазды тележүргізуші.

Желі қолданушылары қолдау білдіріп, қыздардың арсызданып, жігіттердің намыссызданып кеткенні айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау