Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешенстанда атақты палуан селфи жолында қаза тапты

Ресей спорттық күрес федерациясының бірінші вице-президенті, атақты палуан Адлан Вараев тау аңғарында селфи жасамақ болып жатып, құзға құлап кетті.

123

Сурет wrestrus.ru

Бұл туралы allsportinfo.ru хабарлады

Әзірге даңқты шешен палуанының денесін іздеу жұмыстары өзінің нәтижесін берген жоқ.

Хабарланғандай, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Аргун таулы өзенінің аңғарындағы шатқалда өзін суретке түсіріп алмақшы болып жатып, төменге қарай құлап кеткен. 54 жастағы спорт функционерінің денесін іздеуге Шешенстан төтенше жағдайлар министрлігінің 200-ден астам қызметкері, бір топ еріктілер мен басқа да салалардың өкілдері қатысуда.

Адлан Вараев 1988 жылы Сеулде еркін күрестен күміс жүлдеге қол жеткізіп, шешендер арасындағы Олимпиада медалін алған бірінші спортшы атанды. Ол КСРО-ның екі дүркін, Еуропаның үш мәрте чемпионы болды. Бұдан басқа, 1987 жылы әлем чемпионатының алтын медалін алып, 1986 жылы екінші орынға табан тіреген.

Талқылау