Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешенстанда алкогольді ішімдік сататын барлық дүкендер жабылды

Шешенстанда спиртті ішімдіктер саудалайтын барлық сауда нүктелері есіктерін тарс жапты.

1482569306

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бұл жеті бірдей адамды қағып өлтірген қайғылы оқиғадан кейін орын алып отыр.

“Жақында ғана “Кавказ” тас жолында болған жол апатынан кейін алкоголь саудасымен айналысатын кәсіпкерлер өз еріктерімен өз қызметтерін жалғастырудан бас тартты”, – деп хабарлады республика парламентінің төрағасы Магомед Даудов.

Даудов бұл сөздерді Рамзан Қадыровтың ел аумағындағы жол апаттарына қатысты сауалына жауап ретінде айтты.

Парламент спикерінің сөзінше республика бойынша спиртті ішімдік сататын 20 сауда нүктесі болған.

“Енді елімізде ішімдік сататын бірде-бір дүкен жоқ”, – деп атап өтті Даудов.

Өз кезегінде Қадыров алкогольді немесе есірткіге мас күйінде көлік тізгіндегендер ең қатаң жазаға лайықты екенін де айтты.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та ер адам өзінің 10 апталық қызын зорлап өлтірген

Тікелей эфирде секс-оргия жасаған қытайлық қыз бас бостандығынан айырылды

Қырғыз азаматы әйелінің көзіне шөп салғанын жасыру үшін көңілдесін пышақтап өлтірді

Колумбияда апатқа ұшыраған ұшақ ұшқышының соңғы сөздері жария етілді

Талқылау