Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешенстан президентінің балалары жекпе-жекке шақырған Абай Тәжібайға жауап берді (видео)

Рамзан Қадыровтың балалары 10 жасар алматылық кикбоксингші Абай Тәжібайдың видеоүндеуіне жауап берді. Олар қазақстандық балаға видеожазба жіберді.

«Мен сенің қандай балуан екеніңді білмеймін, бірақ менеджерің жақсы жұмыс істейді екен. Абай – сен нағыз ер азаматсың. Егер сәті түссе алаңда кездесеміз, ал өмірде бауырлар боламыз. Біздің елге келіп, қонақ бол», – деді Ахмад Қадыров.

«Абай, Қазақстанда тұрып біздің жекпе-жегімізді тамашалайтының  үшін мен өте қуаныштымын. Қазақтар әрқашан біздің бауырларымыз. Сенің шақыруың туралы айтсам, біріншіден, біздің салмақтарымыз сәйкес келмейді. Екіншіден, сенің аралас жекпе-жекте тәжірибең жоқ. Біздің клубқа кел, бірге дайындаламыз. Дос боламыз», – деді Адам Қадыров.

Айта кетейік, Алматыда ережесіз жекпе-жектен чемпион болып жүрген 10 жасар кикбоксингші Абай Тәжібай Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың балаларын жекпе жекке шақырған еді.


Тағы оқыңыз:

Мұз айдынында билеп жатқан мәнерлеп сырғанаушының түймесі ағытылып кетті (видео)

«Шахтер» құрамындағы Қазақстан чемпионы келісілген матч үшін өмір бойына спорттан шеттетілді

Қостанайлық полицей джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Төреші тоғыз футболшыны ойыннан аластатып, ойыншы жетіспегендіктен матчты тоқтатты

 

Талқылау