Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешен халқының үйлену тойы шындығында қалай өтеді (фото)

Біз шешен халқының үйлену тойының ерекшелігі жайында айтып өтпекпіз. Бір қарағанда бұл мерекенің еш қиындығы жоқтай болып көрінеді. Алайда, шешендердің тойы күрделі салт-дәстүрлерден тұрады.

Chechenwedding02

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Chechenwedding01

Қыздар өз үйінен кетіп бара жатқанда, көз жасын тыя алмайды. Некеге тұру күрделі түрде өткенмен, шешендер өте демократиялық халық. Олар қыздарды күштеп тұрмысқа бермейді. Бұл біріншіден дін тұрғынысында қайшылық туындатады. Шешен халқы әйел затына асқан құрметпен қарайды.

Chechenwedding03

Той белгіленген күні қыздың артынан күйеубаланың туыстары келеді. Олармен бірге молда да келуі керек. Молда қыздан өз еркімен тұрмысқа шығып бара жатқанын сұрайды. Кейіннен бұл сұрақты күйеужігітке де қояды. Қалғандары куәлік етеді. Куәгерлердің үйленген болғаны абзал. Молда қыз бен жігітке Құран сүресін қайталатқызады. Кейіннен куәлер де сүрені қайталайды. Осылайша неке қиылады.

Chechenwedding04

Үйлену кезінде күйеубала ешкімнің көзіне көрінбейді. Ол достарымен бірге арнайы бөлмеде отырады. Ал қалыңдықты жақын туысы немесе досы алып келеді.

Chechenwedding05

Қыздың туыстары той кортежін арқанмен тоқтатып, өтеуін сұрайды. Әсіресе, көршінің балалары осылай арқанмен тоқтатып жатады.

Chechenwedding06

Қазіргі заманда шешендер тойды мейрамханаларда өткізеді. Олар үш күн, үш түн бойы тойлайды.

Chechenwedding07

Тойда кейін ғана қалыңдық қайынжұртымен танысып шығады. Ол тойға дейін күйеужігіттің әпкелерімен ғана сөйлесе алады.

Chechenwedding08

Тойдың көркін қыздыратын шешен халқыны ұлттық биі. Әйелдер жағы той иелеріне тұрмыстық заттарды сыйға тартса, ерлер қалыңдыққа тек ақшалай сыйлық береді.

Chechenwedding09

Қалыңдық қайын жұрты онымен келіп арнайы танысу үшін өзіне белгіленген бұрышта тұрып тұрады. Ол кейін қайын сіңлілері немесе енесі отыруға рұқсат бергенде ғана ортақ үстелден бөлек өзіне ұсынылған жерге отыра алады.

Chechenwedding10

Chechenwedding11

Chechenwedding12

Chechenwedding13

Оқи отырыңыз:

16 таңғажайып үйлену тойы (фото)

Талқылау