Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Махаббат жасқа қарамайды": 32 жастағы шымкенттік жігіт шешесінің құрдасымен көңіл қосты

32 жастағы Шымкент тұрғыны өзінен 18 жас үлкен, анасындай әйелмен көңіл жарастырған. «Астарлы ақиқат» бағдарламасының қонағы болған Медет Сәкенов есімді жігіт қазір анасымен құрдас әйелмен азаматтық некеде тұрып жатыр, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Медет 1986 жылы туған болса, әйелі Зәуре 1968 жылғы. Ол Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде еден жуушы болып жұмыс істейді. Енесімен құрдас келіншек «Мен Медеттің махаббатымын» дейді. 

«Махаббат жасқа қарамайды. Мен оған сенемін. Мен оны сүйемін, ол да мені жақсы көреді. Медет – менің күйеуім. Біз 2008 жылы таныстық. Содан бері бірге жүреміз. Ерлі-зайыптылар ретінде бірге тұрамыз», - дейді Зәуре Бейсенбаева.

Айтуынша, олардың көңіл жарастырғанын екі жақтың туыстары да біледі екен. 2008 жылы танысқан Зәуре мен Медет сол сәттен бастап бір сәт айырылысқан емес. Бірақ, олардың арасында сәби жоқ. Бір жылдары құрсағына бала біткен Зәуре туыстарынан ұялып, іштегі сәбиді алдырып тастапты.

Зәуре өзінен 18 жас кіші күйеуін жақсы көретінін айтты. Ал, Медет болса махаббатының орташа екенін айтып, анасымен жасты әйелмен көңіл жарастырғанына ұялмайтынын жеткізді.

«Мен оны қатты сыйлаймын. Кезінде, ол мен үшін көп жақсылық жасады. Содан кейін мен оны жақсы сыйлаймын. Мен қатты қиналып, көшеде қалған кезімде, ол маған көмектесті. Анам қиналғанда да оған көмектесті. Менің анама көмектескен адамды мен қатты сыйлаймын»,- дейді Медет.

Бір қызығы, үйде ақшаны да тауып, жұмыс істейтін де әйелі екен. Ал, жеке куәлігі мен дипломын өртеніп кетті деген жігіт, денсаулығына байланысты ауыр жұмыс істей алматынын жеткізді. 

Жеке куәліксіз-ақ, ақша табуып, еңбек етуге болады ғой деген сөз қатты тиіп кетті ме, 32 жастағы жігіт «мен де грыжа болса қалай жұмыс істеймін» деп, түрлі сылтау айтты.


 

Талқылау