Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шереметьеводағы ұшақ апаты: Өрттің шығуына қатысты негізгі нұсқалар айтылды

Тергеушілер мәскеулік Шереметьево әуежайында болған төтенше жағдайдың алдын ала нұсқаларын қарастырып жатыр. Ұшақ жерге қонғаннан кейін өртке оранып, 41 адам көз жұмған еді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Тергеу болған оқиғаның түрлі нұсқасын қарастырып жатыр. олардың ішінде ұшқыштардың, диспетчердер мен бортта техникалық тексеріс жүргізген мамандардың біліктілігінің жеткіліксіздігі; әуе кемесіндегі ақау; ауа райының қолайсыздығы бар», - дейді Ресейдің Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.

Ресейдің Тергеу комитеті қайғылы оқиғаға қатысты «Әуе кемесінің пайдаланылуы мен қозғалысында қауіпсіздік талаптарының бұзылуының салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды. 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр