Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шереметьеводағы ұшақ апаты: Экипаж әуе кемесіне найзағай түскеннен кейін не болғанын айтып берді

Мәжбүрлі түрде қонып, мәскеулік Шереметьево әуежайында өртеніп кеткен «Аэрофлот» әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағына найзағай түскен. Әуе кемесінің ұшқышы осылай деп отыр.

Сурет: REUTERS

Әуе кемесінің ұшқышы Денис Евдокимов ұшаққа найзағай түскенін, мұнан кейін радиобайланыс үзіліп, құрылғының жұмысында ақау туындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап. 

Ұшқыштың сөзінше, Sukhoi Superjet 100 ұшағы жерге қонғаннан кейін өртене бастаған. 

«Толықтай тоқтағаннан кейін апаттық эвакуация туралы хабарладық. Бастапқыда екінші ұшқыш кабинадан шықты. Мен одан кейін шықтым. Көшеде өрт сөндірушілер бар-жоғын қарамадым. Өрт сөндірушілердің көлігі тұрды. Өрт жерге қонғаннан кейін басталды. Әуеде өртенген жоқ», - дейді Евдокимов.

Bazabazon Telegram арнасының мәліметінше,  стюардесса Татьяна Касаткина ТЖ ұшақтың ұшып шыққанынан 10 минут өткеннен кейін болғанын айтқан. Ұшаққа найзағай түскеннен кейін байланысқа қатысты қиындықтар туындапты.

«Біз әуеге көтеріліп, бұлттарға тап болдық. Бұршақ қатты жауды. Осы кезде борттың сол жағында әлдене тарс етіп, қара түтін шыға бастады», - дейді стюардесса. 

Касаткинаның айтуынша, ұшақ ішінде өрт шықпаған. Жолаушылар иллюминаторлардың ери бастағанын айтыпты. 

«Бәрі орнынан атып тұрып, есікке қарай ұмтыла бастады. Бұл кезде ұшақ әлі қатты жылдамдықпен келе жатқан еді. Ұшақ тоқтағанда, бірден эвакуация басталды. Мен жолаушыларды көре алмай қалдым, аяғыммен есікті итеріп ашып, артынша жолаушылар эвакуация барысында кідірмесі үшін, оларды итере бастадым», - дейді Татьяна Касаткина.

Айта кетейік, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр