Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шереметьевода жолаушы орынсыз қалжыңдап, өз рейсін өткізіп алды

Мәскеу- Хабаровск рейсінің жолаушысы орынсыз қалжыңдаймын деп ұшағына үлгермей қалды.
0_aa26b_aaef02b7_orig

 Бұл туралы РИА Новости хабарлаған.

Оқиға 12 тамыз күні Шереметьево әужайының D терминалында орын алған.

«Интроскоп операторы шабадандардың бірінен күмән туғызатын заттар тауып алды. Қауіпсіздік қызметі қызметкерінің жүк туралы сұрағына жауап берген ол онда трозил бар екендігін айтты. Нәтижесінде полиция шақыртылып, ер азамат кезекшілік бөлімге жеткізілген», – деп хабарланды мекемеде.

Тексеріс нәтижесі ешқандай да жарылғыш заттың жоқтығын көрсетті. Жолаушы ұзақ сапардан шаршап, ендігі рейс алдында абыржып тұрғандықтан қалжыңдағанын айтты.

«Әрине, мәселенің анық-қанығы анықталып жатқандықтан, ол рейстен қалып қойды. Кейінірек, жолаушы басқа рейске отырды», – деп хабарланды мекемеде. Құқық қорғау органдары азаматты жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Астана әуежайында рейсін күтіп тұрған Исекешев тұрғындарды таң қалдырды (фото)

Қазақстаннан Ыстамбұлға ұшатын барлық рейстер тоқтатылды

Түркиядағы жағдайға байланысты Қазақстаннан ұшатын барлық рейс шегерілді

Талқылау