Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шереметьевода өртеніп кеткен ұшақ түсіп қалған жаңа видео пайда болды (видео)

Мәскеудің Шереметьево әуежайында өртке оранған Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағының апаттық жағдайда қонған сәті түсіп қалған жаңа видео пайда болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «НТВ» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видео кадрларынан шұғыл түрде қонған ұшақтың ұшу-қону жолағында бірнеше рет көтеріліп-төмендегені көрінеді. Артынша әуе кемесі түтіндеп, өртке оранады.

Мұнан кейін борттағы адамдардың үрлемелі басқыш арқылы эвакуацияланып жатқаны байқалады. 

Еске сала кетсек, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды. 

 

Талқылау