Шерәлі актриса Бибігүл Ақтанмен айырылысқанын айтты

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 12:58

Елімізге танымал актер әрі әнші Шерәлі сүйіктісі Бибігүл Ақтанмен айырылысқанын айтты.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Актриса Бибігүл Ақтан 22 жасында режиссер Иван Бурмистерге тұрмысқа шыққан. Жолдасымен әлі күнге дейін заңды түрде ажырасып-ажыраспағаны белгісіз. Десе де, бойжеткен Шерәлімен көңіл қосып жүргенін еш жасырмаған-ды. Екеуі түрлі мерекелік отырысқа қол ұстасып барып, әлеуметтік желіге күн сайын бірге түскен суреттерін жүктеп отырған.

Соңғы бір айдан бері қос ғашық әлеуметтік желіге махаббатарының куәсі болған суреттерді салуды қойған. Мұның сырын Шерәлінің өзі түсіндірді.

“Көп адам “Бибігүл екеуің кездесіп жүрсіңдер ме?” деп сұрайды. Мен арамызда сезім болғанын жасырмаймын. Бірақ дәл қазір біз кездесіп жүрген жоқпыз”, – деді актер.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Арасында қуанышын жасыра алмағандар да бар. Бірі мұның Бибігүл Ақтан үшін дұрыс шешім болғанын айтса, енді бірі актерден үміт үзбегенін жеткізген.

13113981_231870670517534_1169096264_n

Фото: instagram.com/sher__ali/

Мұнымен қатар, соңғы кезде Шерәлінің бейтаныс бойжеткенмен көңіл қосқаны туралы жиі айтылып жүр. Бойжеткен өзінің инстаграм парақшасына актермен бірге түскен суретін жүктеп, “Таңертеңмен мерекелік отырысқа бардық, өлең де айттық, тіпті ренжісіп те үлгердік” деп тұсына жазып қойған. Ал әзірге бұл суреттің сыры көпшілікке беймәлім.

Шерәлі мен Бибігүл Ақтан отандық арналардың бірінен көрсетілген “Ничего личного” деп аталатын телехикаяда басты рөлді сомдаған болатын.


Оқи отырыңыз:

Бибігүл Ақтан президент өмірі жайлы фильмнен әдейі шеттетілгенін айтты

Актриса Бибігүл Ақтан жабайы аңдарды қорғау ұйымының өкілі атанды

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Кекіл немесе кекілсіз: Қай жұлдызға қандай шаш үлгісі жарасады?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар