Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шеңген визасы қымбаттайды

Еуропалық Одақ Шеңген визасының бағасын қымбаттату жолында алғашқы қадам жасады. Бұл туралы ЕО Кеңесінің веб-сайтында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі. Визаның құны 80 еуроға, яғни 31 580 теңге дейін қымбаттауы мүмкін деп болжануда.

Шеңген визасы қымбаттайды

19 маусымда ЕО елшілері Еуропалық Одақ Кеңесінің атынан виза кодексіне түзетулер енгізу ұсыны бойынша келіссөздер жүргізу туралы мандатты бекітті.

«Көші-қонды тиімді басқару критерийлерінің бірі – Шеңген аймағында қалуға құқығы жоқ адамдарды кез-келген уақытта елден аластата құқығының болуы. Визаларды берудің жаңа ережелері бізге өз азаматтарын үйлеріне қайтара алмайтын үшінші елдерге жауап беруге тағы бір мүмкіндік береді », – деп түсіндірді Болгар Ішкі істер министрі Валентин Радев.

Жаңа ережелерге сүйенсек, саяхатшылар виза алу үшін өтінімдерді алты ай және сапарға шығар алдында 15 күн бұрын толтыра алады. Сондай-ақ, өтінішті электронды түрде де толтыруға болады.

«Виза кодексіндегі өзгерістер қосымшаларды өңдеу және Шеңген визасын алу рәсімін тездетеді және жеңілдетеді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 14 наурызда Еуропалық Комиссия ЕО визалық заңнамасын өзгерту және Шеңген визасының бағасын көтеру туралы хабарлаған болатын. Реформаның мақсаты ЕО азаматы емес адамдарға Шеңген аймағына оңай кіру үшін жасалынып отыр.

«Ұсынылған реформа заңға бағынатын саяхатшылар үшін виза алу тәртібін жеңіл және жылдамырақ етеді. Сонымен бірге, қауіпсіздік стандарттарын жетілдіру заңға бағынбайтын тұлғаларды жақсырақ анықтауға және оларды тоқтатуға көмектеседі», – делінген хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау