Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенеуніктерге шетелдік телеарналарды көруге тыйым салынбақ

Шенеуніктер отандық телеарналарды ғана көруі тиіс. Елімізде мемлекеттік органдарда шетелдік арналарды қосуға тыйым салынбақ,-деп жазды КТК арнасы.

шенеунік

Ақпарат министрлігі осы арқылы отандық арналарды қолдамақшы.«Кейбір мемлекеттік орындарда көпшілікке ұсынылған теледидардан басқа елдің арналары қосулы тұрады. Бұлай болмауы тиіс.

Яғни, тек қана еліміздің телеарналары көрсетілуі керек»,-дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Ол үшін Ақпарат министрі тиісті заңға өзгертулер енгізген. Бүгін соны Мәжілісте таныстырған Абаевтың құжаты қабылданса, әкімдіктерден бастап министрлік, парламент пен өзге де мемлекеттік органдарда қазақстандық арналар ғана қосылып тұрады.

Бұдан өзге министрлік спутниктік антенналарға да қарсы күрес жариялапты. Оны орнатып алған тұрғындар  шетелдің арналарын көруге әуес дейді министр. Сондықтан, мұндай антенналарға тыйым салу мәселесі де қаралып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Министр елімізде ұшақ билеттерінің арзандайтынын айтып сүйінші сұрады

Болашақта базалық зейнетақы алынып тасталады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы қымбаттап кетті

Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге ортақ криптовалюта енгізуді ұсынды

Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды

Талқылау