Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенеуніктердің әйелдері мен отандық жұлдыздар қайдан және қалай киінеді

Отандық шенеунік-әйелдердің  қайда және қалай киінетіндері белгілі болды. Тіпті олар бір күндік образдарына мыңдаған, кейде миллиондаған қаржысын аямай құятындарын да жасырмады.

Шенеуніктердің әйелдері мен отандық жұлдыздар қайдан және қалай киінеді

Үнемі халық назарында жүргендіктен,  басқа қыз- келіншектерге сұлулықтың  эталоны болуымыз керек,- дейді.  Бұл ретте сахналық образдарымен  таңғалдырудан жалықтырмайтын шоу-бизнес өкілдерінің жағдайы қалай?  Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Үнемі көптің алдында жүретін халық қалаулылары  үшін соңғы үлгіде киініп, сұлулықтың эталоны болу  негізгі шарттардың біріне айналғандай.  Тіпті макияж бен шаш үлгісіне дейін маңызды. Сондықтан бұл ретте  шығын айтарлықтай рөл атқармайды. Мәселен,  саясатта жүрген  нәзік жандар бір күндік образдары үшін мыңдаған, кейде миллиондаған теңгесін кетіретіндерін жасырмайды. Оны жұлдыздар мен биліктегі келіншектерді бас-аяғына дейін киіндіретін, стилист Алтын Сәрсеке де растап отыр. 

“Бір шопингке қанша миллон тастайды? Бір шопингке 3-4 миллон кетіп қалуы мүмкін. Жылына қыс, жаз, кұз, көктем. Сол 4 мезгіл бойы шығып тұрамыз. Бір күнде таңертең барып  таңдап сатып алып, кешке қайтып келеміз”, - деді танымал стилист Алтын Сәрсеке.

Отандық шенеунік-әйелдердің  қайда және қалай киінетіндері белгілі. Біреуі отандық мамандардың көмегіне жүгінсе, өзгесі арнайы тігіншіге тікттіркенді жақсы көреді. Мәселен, вице - министр Бибігүл Асылова аса қымбат киімдерден гөрі, қарапайым образды жақсы көретінін айтады.  Айтпақшы биліктегі әйелдер елбасының тапсырмасын орындап, тек отандық дизайнерлердің қызметіне жүгінеді екен. 

«Мен өзімнің киімдеріме көп жұмсаймын деп айта алмаймын. Өйткені мен де мемлекеттік қызметкермін. Сондықтан соңғы үлгідегі, ең танымал брендтердің киімдерін бюджетім көтере алмайды. Ал егер шамалап айтсам орта есеппен 1 образыма 100 мың теңгедей кетеді», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Ал  сенат депутаты Бірғаным Әйтімова  Fashion show-ларды қалт жібермеймін дейді. Оның сөзінше “Жалпы Қазақстанның жеке кәсіпорындарын дамытуға мен де қолдап, солардың президенттің айтқанына байланысты біздер де, әсіресе соңғы екі жылда біздің «Fashion show»-ға қатысам біздің отандық дизайнерлердің. Бізде енді дресс-код болмаса да, бәрібір бір әдепті сақтау үшін, жаңа өте басқа жерге киетін киім кимейміз", - дейді ҚР парламенті сенат депутаты Бірғаным Әйтімова. 

Бұл ретте елді түрлі образдарымен таңғалдырудан жалықпайтын шоу-бизнес өкілдерінің  жағдайы  болса биліктегі қыз келіншектерге қарағанда әлде қайда жақсы ма деп ойлайсың. Қарапайым киінуді ұнатпайтын халық еркелері елге танымал ең үздік дизайнерлермен жұмыс жасап, миллиондап шығындалуға дайын. Тіпті Милан мен Парижге арнайы образ үшін ұшып баруы әбден мүмкін. 

"Менің мына костюмым өте қымбат. Себебі мұндамғы ою-тастың бәрі қолмен тігілген. Ручная работа дейді ғой. Өті қымбат, өте күрделі дүние. Ал матасы онша қымбат емес. Бірақ мына жұмысы қымбат. Сондықтан кезінде мен оны  3000 долларға тіккізгем. Бұл костюмге бірнеше жыл болды. Ал қазір матаның да, жұмыстың да бағасы өсті. Сондықтан әр түрлі болады", - дейді ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева.

- Мен әдемілікпен қоса, сапаны да жақсы көрем. Сондықтан жақсы-жақсы дизайнерлермен, ателье, сән үйлерімен жұмыс жасаймын", - дейді Мәдина Сәдуақасова.  

- Ал бір киімге қанша ақша шығаруға дайынсыз? 

- Шығарамыз, аямаймыз. Енді ол есептелмейді. Оны есептей алмайсын да. 

Әншілер киімге қанша ақша жұмсайтының жасырғанымен, танымал стилисттер олардың құпиясын ашты. Мәселен, мына  қарапайым көйлектің өзіне олар 1 000 000 жұмсауға дайын. Ең бастысы бренд. 

“Өте қымбат болуы  мүмкін. Неге байланысты? Брендке байланысты. Матасына байланысты”, - дейді мамандар. 

Алайда, медальдің екі жағы болады. Мәселен, жалақыдан-жалақыға күнелтіп жүрген кей қазақ үшін бір киімге миллондап қаржы жұмсау ақылға қонымсыз дүние. Жуырда ғана ашылған әлеуметтік дүкен соның айқын көрінісі іспеттес. Табысы аз, жәрдемақысы мардымсыз халықтың қымбат киімге түгілі, жаңасын алуға қолы қысқа. Ал сарапшылар болса, әлеуметтің әлеуетін осыдан-ақ топшылай беруге болады дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау