Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенділерге коньяк пен қораптағы кәмпит сыйлайтындар енді оңбай жазаланады

Шенеуніктер енді тарту-таралғының көлемі мен құнына қарамастан, берген адамның қолын қағуға міндетті. Жаңа ережені Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі енгізіп отыр.

Корзина-Новогодняя-коньяк-шампанское-игрушка-свеча-кофе-конфеты-бокал-цена-от-2500-руб.

Жаңа жылдан бастап ел шенеуніктері жаңа ереже негізінде жұмысқа кіріспек. Құжатта мемлекеттік қызметкерлердің мүлдем сыйлық алуға болмайтындығы анық көрсетілген. Қарапайым қағиданы ұстанған шенділер, мысалы, тарту-таралғыдан бас тартуы тиіс. Ал оны алған адам сыйлықтың құнына, көлеміне қарамастан, жазаға тартылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заң ережелеріне сәйкес сыйлықтарды алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге жатқызылып отыр. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған жаңа құжат 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгізіледі.

“Егер екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болса, заңмен рұқсат етілген, алайда сыйлықтардың құны көбінесе асып кетеді. Себебі қазіргі таңда екі айлық көрсеткіш сонша көп сомма емес ғой”, – дейді Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Майкен Базгенова.

Бұл талапты әлеуметтік сала өкілдері де бұлтартпай орындауға міндетті. Өзгерісті ертерек енгізу керек еді, – дейді өскемендік дәрігерлер. Гиппократ антын қабылдаған ақ халаттылар алғыс білдірушілер арзан сый-сияпатпен дәрігер атағына нұқсан келтіретіндігін айтады.

“Науқастарды қарап жүрсем, қолында дорбасы бар жас жігіт жүгіріп келіп маған сыйлық ұсынды. Дорбасында аққайнар, коньяк пен қораптағы кәмпит жиынтығы салыныпты. Мен әлгі адамды тоқтатып алдым да, сіздің әйеліңізді мас дәрігер немесе акушер маманы босандырып алғанын қалайсыз ба, деп сұрадым. Жоқ. Ендеше неге мұндай сыйлық әкелдіңіз, дедім. Мен тарту-таралғы дегенге мүлдем қарсымын. Соңғы жылдары біздің айлығымыз едәуір өсті. Мұндай арзан сый-сияпат дәрігер беделін төмен түсіреді деп ойлаймын”, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық ана мен бала орталығының директоры Рая Рахимова.

Алдағы уақытта арзан сыйлықты алған да, берген де жазадан құтылмақ емес. Мәселен, серіктестік басшысы қалалық  тұрғын-үй және коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысына жалғыз қорап тәттіні бергені үшін жазаға тартылып, 396 мың теңге айыппұл төлеген.

Тың реформа жүзеге асқан соң, қымбат сағаттан бастап шетелдік көлікке дейін сияпат көрген талай шенеуніктер сап тыйылуы мүмкін.

Талқылау