Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шелек ауруханасының бас дәрігері ауыл тұрғындарының шағымынан кейін қызметінен кетті

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі Шелек орталық ауруханасының бас дәрігері Жақып Желеуовтың өз еркімен қызметінен кеткенін растады.

Шелек ауруханасының бас дәрігері ауыл тұрғындарының шағымынан кейін қызметінен кетті

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Ол жұмыстан кету туралы өтінішті өз еркімен жазды, оны ешкім мәжбүрлеген жоқ. Оның жұмыстан кету себебі бізге белгісіз», – деді әкімнің баспасөз қызметі.

Жақып Желеуовтың осындай шешімге келуіне шілде айынан бері аурухана төңірегіндегі болған дау себеп болуы мүмкін. Себебі, тұрғындар медициналық мекеменің көптеген жылдар бойы жөндеу жұмыстарын көрмегенін айтып, бас дәрігерге шүйліккен болатын.

Оның үстіне бұл дауды 2 шілдеде ауруханада болған қайғылы жағдай өршілендіре түсті. Естеріңізде болса, кәріз құдығындағы ақауды жөндеу кезінде улы гах жарылып санитарлы техник пен аула сыпырушы, сондай-ақ дәрігер көз жұмған еді.

Осы оқиғадан кейін тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар медициналық қызметкерлерге дейін бас дәрігердің жұмыстан кетуін талап етіп митингке шыққан.

Ал, облыс әкімдігі болса бұл мәселені шешуге еш асықпаған, оны үстіне төтенше жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу әлі аяқталмады. Алайда, Жақып Желеуов қоғамдық қысымға ұшырап, қызметінен өз еркімен кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау