Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шелек ауруханасында қызметкерлерді құтқарамын деп кәріз құдығына түскен дәрігер жан сақтау бөлімінен шығарылды

Алматы облысындағы Шелек ауруханасындағы қайғылы оқиға кезінде қызметкерлерге көмектеспек болып, кәріз құдығына түсіп уланып қалған дәрігер жан сақтау бөлімінен шығарылды. Қазіргі уақытта ол палатада ем алып жатыр.

Шелек ауруханасында қызметкерлерді құтқарамын деп кәріз құдығына түскен дәрігер жан сақтау бөлімінен шығарылды

Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Дәрігердің жағдайы туралы айтқан Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел өз сөзінде сол аурухананың бас дәрігері жұмыстан кеткенін растады. Сондай-ақ, ол аурухананың бас дәрігеріне қысым көрсетілмегенін айтты.

«Біздің тарапымыздан ол кісіге ешқандай да бір қысым көрсетілген жоқ. Өйткені қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары бірінші кезекте ол кісіге жеке емес, жалпы осыдан біраз уақыт бұрын үш адамның қайтыс болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-тармағы бойынша қозғалған болатын. Нақ ол кісінің өз еркімен жұмыстан босатуы туралы арызы болды. Сол өтінішті біз тек қанағаттандырдық», – дейді  Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетсек, 3 адамның өмірі қиылған қайғылы оқиға 10 күн бұрын орын алған еді. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сантехник кәріз құдығына жөндеу жүргізіп жатады. Осы кезде құбыр жарылып ол нәжіске тұншыға бастаған. Айқайлап көмекке шағырғанда екі дәрігер мен бір сантехник келеді. Алайда дәрігерлердің өзі қаза болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау