Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шекарадан өткен қытайлықтың қалтасынан жылан шықты

Қазақстан – Қытай арасындағы мемлекеттік шекарадан өтіп бара жатқан қытайлық азаматтың қалтасынан жылан табылды.

20161005122226

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Мақаншы шекара отрядына қарасты “Бақты” бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 60 жастағы қытайлық азаматты шекаралық тексеруден өткізіп жатқан кезде оның қалтасынан ұзындығы бір метрге жуық жыланды тауып алды.

Сарафан қапшыққа салынған өлі жылан қытайлық азаматтың үстіндегі костюмінің қалтасынан шыға келді. Оны не мақсатпен алып бара жатқандығын тиісті орындар анықтайтын болады.

Талқылау