Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шегенің ариясы" Париж төрінде шырқалды (видео)

Париж төрінде “Шегенің әнін” дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали орындады.

57ff28734c9941

“Аллаға мың шүкір. Кезінде Брусиловский «Қыз Жібек» операсын жазуға кіріскен уақытында Шегенің термесінің әуенін Әміре атамыздан алыпты. Және Әміренің өзі орындаған, бірақ, үн таспасы жоқ. Неге жоқ екені түсінікті ғой… Әміренің өзінен соң төл шәкірті Манарбек орындады. Орындағанда да ұстазының биігінен түсірген жоқ! Аспандатып тастады. Онан соң Ғарифолла айтты. Ол да сол биікті аласартпады! Асқақтатып жіберді! Міне, сондай дүлдүлдер шырқаған «Шегенің ариясын» Париж төрінде орындау бақыты маған бұйырды. Шүкір Алла! Ал, мен аталарымның биігінен көріндім бе, көрінбедім бе, оны әуелі құдай, сонан соң тыңдарман біледі!”, – деп жазады әнші желідегі парақшасында.

 

Талқылау