Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаһизаданың жұртты ұрыстырған шолақ шалбары жоғалып кетті (фото)

Шаһизаданың желі қолданушыларын бір-бірімен ұрыстырған шолақ шалбары жоғалып кетті.

15876139_256118598154340_8401670739303858176_n (1)

Фото: instagram.com/shakhizada_art/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын Шаһизада Қайрат Нұртастың анасымен бірге Таиланд еліне аттанды. Олар аталған елдің Пхукет қаласына баруды жөн көрген екен. Желі қолданушылары әншінің саяхатынан бұрын үстіндегі киімін сөз қылды. Көпшілік оны қысқа балақ шалбар кигені үшін сынап тастады.

“Немересі бар қазақ әйелінің бұлай жүруі ерсі сияқты”, “Енді бұдан да біраз қысқа кимейсіз бе”, “Әже атандыңыз емес пе?! Бұлай киінгеніңіз ұят емес пе?! Жақында тағы да немере сүйгелі жүрсіз. Қатты кетсем, айыпқа бұйырмаңыз”, “Тағы күйеуге шыққысы келіп жүрген шығар”, “Баянға ұқсап тыржалаңаш түсіп жатқан жоқ. Күйеуге шықса  шықсын. Алла тағала бағын бір сәтте-ақ ашуы мүмкін. Ол бақытты болуға лайық адам. Жалғыздық тек Аллаға ғана жарасады. Біреуге сын айтпас бұрын адам өзіне қарап алсын” деп жазды желі қолданушылары.

15624184_1242286769197400_7277596584404058112_n

15803746_1241693742589384_8716477458255183872_n

Жұртты шулатқан шолақ шалбар жоғалып қалған екен. Бұл туралы әншінің өзі айтты. “Қайырлы таң! Құрметті достар, менің ақ шолақ шалбарым үшін қырылысуды тоқтатыңыздар! Себебі, оған көз тиіп, жоғалып кетті”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар: Сіз бен біз жер бетіне келіп-кететін қонақпыз

“KeshYou” тобы әнші Ақботаның орнын басқан қызды көрсетті (фото)

Қазақстандық визажист Голливуд жұлдызы Ким Кардашянмен кездесті (фото)

Жанкүйерлері Мәдина Сәдуақасованы голливуд жұлдызымен салыстырды (фото)

Талқылау