Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаһизада: Кезінде қыз туып алсам деп армандап едім

Шаһизада қолындағы келінімен қандай қарым-қатынаста екенін айтып берді. Өзі бір кездері қызды болуды армандағандықтан, келінін туғанындай көреді екен.

17125971_1943316722571480_4880901869985071104_n

Сурет: Шаһизада Байбатшанованың жеке парақшасынан алынды

Бұл туралы Hit TV арнасына берген сұхбатында айтты.

“Мен келініме қатал емеспін. Бірақ, кейде еркелеген кезінде, ақ пен қараның ара-жігін ажыратып беремін. Келінім бірден түсініп, кешірім сұрайды. Сондай кішіпейіл жан. Маған түсіністік танытқанына рахмет. Өзін көп жағдайда еркелетемін. Екінші немеремнің дүниеге келгеніне жуырда бес айдан асады. Жұмыспен жүріп қатты сағынамын. Немерелерімнің жанына барғым келіп, соларды құшақтап-сүйгім келіп тұрады. Бірақ, жұмысыма байланысты көп көре бермеймін.

Телефон мен видео қоңыраулардың арқасында сөйлесіп тұрамыз. “Келін, ене мынадай болуы тиіс” деп белгілі бір талаптар қоюдан аулақпын. Мен келінімді қызымдай қабылдадым. Жалпы өзім ұлымнан кейін бір қыз туып алсам деп армандадым. Өзіме ұқсаған келін бергеніне Алла тағалаға рахмет. “Сен келінсің” деп дөрекі сөйлеген кезім болмапты. Қалай десек те, ол да біреудің қызы. Қандай жағдай болса да, мен ақылға саламын”, – дейді Шаһизада ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас Болат Назарбаев шақырған соң Қырғызстаннан шұғыл кетіп қалған

Гүлзира Айдарбекова: Келінім мен немерелерімді жек көре алмаймын

Баян Мақсатқызы: Жақсы күйеуден әйелі ешуақытта кетпейді

Әйелімен отасқанына 20 жыл толған Майғазиев өзі үшін қымбат суреттерін көрсетті

Талқылау