Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шайтан дөңгелегі: Ішінде адамдар отырған аттракцион кабиналары төңкеріліп қалды (видео)

Индонезияның астанасында аттракцион адамдар отырған кезде істен шықты. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға 11 қарашада Джакарта қаласындағы «Секатен» ойын-сауық саябағында орын алған. Жылдам айнала бастаған шолу дөңгелегі біраз уақыттан кейін кері айнала жөнелді. Салдарынан ішінде адамдар отырған кабинкалар төңкеріліп қалды.

Сол кезде төңкеріліп қалған кабиналардың бірінде кішкентай баласы бар отбасы отырған. Олар тұтқадан ұстап қалып, көмек күткен.

Саябақ қызметкерлері бірден аттракционда отырған адамдарға көмекке келді.

Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау