Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Мирзииевтің штабы оның жеңісінің құрметіне мерекелік торт дайындап қойды

Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясының штабы өздерінің кандидаты Шавкат Мирзиеевтің жеңісінің құрметіне мерекелік торт дайындап қойыпты.

aa918406c38966775e88bebcc27cae1a

Фото: Newsler

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Партия төрағасының орынбасары Мухлисахан Акромова журналистерге “Біздің Мирзиеев” деген жазуы бар ұлттық тудың түсімен көмкерілген тортты көрсеткен. Оның сөзінше, торт штаб белсенділері үшін дайындалған. “Алдын-ала дайындапты деп ойламаңыздар, осы қазір ғана әкелдік”, – дейді ол.

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы елдегі сайлаудың алғашқы нәтижесін 5 желтоқсан күні, түскі ас уақытынан соң хабарлайды деп күтілуде. Сайлауға қатысқан сайлаушылар 87,83 пайызды көрсеткен.

Мирзиеевтің штабы оның 80 пайыздан кем жинамайтынына сенімді болып отыр.

“Біздің көңіл-күйіміз жақсы, себебі біз сенімдіміз. Қазір жиналып жатырмыз, бақылаушылар барлық аудандардан келіп жатыр”, – дейді Акромова.

Бұған дейін ОСК елдегі сайлау қорытындысы бойынша алғашқы ақпараттар легін ұсынған болатын.

Оқи отырыңыз:

Сауд Арабиясында хиджабсыз суретке түскен әйелді өлім жазасына кесуге шақыруда

Барак Обаманың алдағы уақытта немен айналысатыны белгілі болды

2017 жылдан бастап Nokia қайта сатылымға шығады

Морган Фриман: Азан – әлемдегі ең әдемі дауыс (видео)

Талқылау