Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шашын тақырлап тастаған: Ата-анасы 2 сағат бұрын ұрланған қыздарын әрең таныды

5 жасар Тан Муя әжесімен бірге серуендеп жүргенде бейтаныс әйел оны ойын алаңынан ұрлап кетті. Қызды ойын алаңына басқа баланы ертіп келген әйел ұрлаған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шашын тақырлап тастаған: Ата-анасы 2 сағат бұрын ұрланған қыздарын әрең таныды

Әжесі немересінің жоғалып кеткенін байқағанда бірден қыздың ата-анасына хабар берді. Ал, 5 жасар қыздың ата-анасы бір сәт кідірместен полиция қызметкерлерін шақырды. Қытайлық құқық қорғау органдары адам ұрлығы туралы хабар алғаннан кейін бірден дабыл қағып, бақылау камералары арқылы қызды ұрлаған адамды анықтады. Олар күдіктінің ізімен жүріп, вокзалға келді.

Жоғалған баланың ата-анасы да полициямен бірге вокзалға барды. Олар қыздарын вокзалдың маңында орналасқан қонақ үйден тапты. Бірақ, қызды бірден тану мүмкін болмады, бүлдіршіннің ата-анасы да баласын танымай қалды.

Себебі, ұры қысқа уақыттың ішінде қызды адам танымастай өзгертіп, шашын тақырлап алып тастапты.

Шашын тақырлап тастаған: Ата-анасы 2 сағат бұрын ұрланған қыздарын әрең таныды

Қазір полицейлер қылмыскердің баланы қандай мақсатпен ұрғанын анықтауда. Бір анығы, ол Қытайдың Цюйцзин провинциясына кетпекші болған, себебі оның қолында билеті болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау