Шашты жылдам өсірудің үнділік 7 әдісі

Жұма, 30 Қыркүйек , 2016 21:46

Танысып қойыңыздар, бұл – Сушмита. Ол – шаш күту шебері және танымалдық жинап келе жатқан Үндістандық видеоблогшы.

17650665-2016-09-29113344-1475145972-650-ab2ea9c194-1475153148

Біз оның шашына қызыға да тамсана қараймыз. Сондықтан шат күтімі бойынша ұсынған кеңестерін қолданып көруді ұйғардық.

  1. Алоэ шырынын қолданыңыз

Көбіміздің үйімізде Алоэ Вера тек сән үшін ғана терезе алдында тұрады. Яғни пайдаға асыру жөнін біле бермейміз. Оның шырыны шаш өсуін жылдамдатып, бас терісіне күтім жасайды.

  1. Алоэнің бірнеше жапырағын кесіп алыңыз.
  2. Шырыны бөліну үшін, әрқайсысын екіге бөліңіз.
  3. Шырынын шашыңыздың түбіне уқалап жағыңыз. Бас терісін уқалау қан айналымын жақсартады. Нәтижесінде алоэ шырыны теріге жақсы сіңеді.
  4. Масканы кем дегенде 2 сағат ұстаңыз. Қаласаңыз, түні бойына қалдыруыңызға болады.
  1. Пантеноломен маска жасаңыз

Д-пантенол — синтетикалық В5 дәрумені. Ол терімен жанасқанда пантотен қышқылына айналады. Д-пантенол терінің сыртқы қабатының күйін жақсартады. Оның қасиеттерінің ішінде шаш түйіндерін қалпына келтіру, шаш түсуін емдеу бар.

  1. Шашыңызды кәдімгідей жуыңыз.
  2. Таза шашқа пантенол (көбік немесе гель) жағыңыз. Әсіресе шаш түбіне мән беріңіз.
  3. Сонымен қатар пантенолды шашыңызға түгелдей жағуыңызға болады. Нәтижесінде ұйысқан шаштар жайылып, статикалық электрді басады.
  1. Шашыңызды жуғаннан кейін бас терісін суық сумен шайыңыз

Мұны әдетке айналдыруға тырысыңыз. Суық су саыңлауларды жауып, қан айналымын жақсартады. Ол, өз кезегінде, шаш өсін жылдамдатады. Оған қоса шашыңыз жылтырай түседі.

  1. Шашыңызды кәдімгідей жуыңыз.
  2. Кондиционер немесе маска қолданғаннан кейін шашыңызды суық сумен шайыңыз.
  1. Шашыңызды алма сірке суымен шайыңыз

Бұл әрекетті айына бір-екі рет жасасаңыз жеткілікті. Сірке су шаш түйіншелеріне оң әсерін тигізеді. Салдарында шашыңыз қалыңдай түседі.

  1. Шашыңызды жуыңыз.
  2. Кондиционер орнына алма сірке суын қолданыңыз.
  3. Жуып тастамаңыз: алма сірке суының иісі айтарлықтай өткір емес.
  1. Ақуыз маскасын жасаңыз

Бұл әдіс протеин жетіспеушілігін толтырады.

  1. Бөлме температурасындағы екі жұмыртқаны алыңыз.
  2. Жұмыртқаның ақуызы мен сарысын бөліп алыңыз.
  3. Қосымша нәтиже алу үшін, басыңызды полиэтиленмен орап, сыртынан бас киім киюіңізге болады.
  1. Жұмыртқа мен коньяк маскасын жасаңыз

Жұмыртқаның құрамында протеин бар. Ал коньяк – шашыңызды қалыңдатып, өсуін жылдамдататын илік зат.

  1. Екі жұмыртқа мен бір рюмка коньяк алыңыз.
  2. Екеуін араластырып, қоспаны бұлғауышпен шайқаңыз. Масканы шаш түбіне жағыңыз.
  3. Егер масканы шашыңызға түгелдей жаққыңыз келсе, зәйтүн майын қосыңыз. Олшашыңызды жұмсартады. Сушмита шашын ретке келтіріп, сәндегенде осы әдісті қолданады.
  1. Эфир майын қолданыңыз

Жожоба, бадам, гүлшетен, лаванда және жебіршөп майлары шаш түйіншесіне оң әсерін тигізеді. Себебі құрамдарында көптеген дәрумен мен өсімдік компоненттері бар.

  1. Эфир майларын араластырыңыз. Немесе кокос майы маскасына қосуыңызға болады.
  2. Масканы щаш түбіне жағыңыз. 2-3 сағат күтіңіз.
  3. Май маскасын жақсылап жуу үшін, сабынсумен екі қайтара жуыңыз. Немесе терең тазартатын сусабын қолданыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар