Шашты бояп, денеге сурет салдыру: Q-pop жанры қазаққа қажет пе?

Бұрындары эмо, гот деген субмәдениеттердің өкілдері бар дегенді естігенде иә көргенде қоғам таңырқай қарайтын. Қазір «кью поп» деген жаңа жастар қозғалысы пайда болғалы жоғарыда аталғандар назардан тыс қалып, сахнадан кетті. Ал «кью поптың» дәурені жүріп тұр.

Шашты бояп, денеге сурет салдыру: Q-pop жанры қазаққа қажет пе?

Субмәдениет деген жастардың белгілі бір уақытта еліктеп, кейін ұмыт болатын дүние ме әлде астарында басқа нәрсе жатыр ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Кей жастардың таңдайын қақтырып, керек десеңіз басын шыр көбелеп айналдырып жіберген «кью поп». Корей елінен Қазақ жеріне бұл субмәдениет келгелі қоғам екіге бөлінгені рас. Бірі даттайды, екіншілері мақтайды. Аталған бағытты қолдайтын Ғалия «шашымды бояп, түрленіп сала беруден аулақпын» – дейді. Бірақ..

«Заман талабына сай, адамдар өздерінің ішкі жан дүниесін сыртқа шығарғысы келеді. Кей адамдарға ол ұнайды, кейбіріне ұнамайды. Бес саусақ бірдей емес, сондықтан бәріне бірдей ұнау да мүмкін емес. Сондықтан оған жақсы қараймын. Өзіме ұнайды. Бірақ өз келбетіме олай жасағым келмейді. Бірақ та қолдаймын» – дейді студент Ғалия Бердібек.

Ал алматылық Аружан болса елдің айтқанымен жүретін жайым жоқ деп кесіп айтты. Ол ешбір субмәдениетті қолдап, жанкүйер болып жүрген жайы жоқ. Мектеп бітіріп, оқуға түскесін өмірімнің тізгінін өз қолына алғанын айтады. Шашының түсін кемі мезгіліне бір ауыстырады. Денесіне бірнеше сурет те салдырып үлгерген. Жастық шақта ойнап-күлгеннің әбестігі жоқ, дейді бойжеткен.

«Қазіргі уақытта біз не істегіміз келсе өз қолымызда. Сондай уақыт. Не киіп, қалай жүреміз бұл бірінші кезекте өзіміздің таңдауымыз. Әуел баста мені көргенде үлкен кісілер тіксіне қарайтын. Қазір көпшіліктің көзі үйреніп келе жатқандай» – дейді қала тұрғыны Аружан Өмірбаева.

Еліктеу дегеннен шығады. Жалпы кез келген жасөсіпірім қандай да бір субмәдениет өкілі ретінде өзін көрсете бастаса бұған бейжай қарауға болмайды. Писхолог маманның пікірі осы.

«Осы мәдениетке көбіне құштар болатын себебі, олардың жеке басындағы мәселелер болуы мүмкін. Жанұядағы мәлелер, басқалардан ерекшелену немесе өзінің жеке тұлғасын дәлелдеу мақсатында я болмаса дос табу, орта табу мақсатында. Мұның себептері өте көп» – дейді психолог Аяулым Нуриманова.

Осы корейлік үрдісті қазір қазақы нұсқада түрлендіріп жүрміз деген отандық әншілер баршылық. Бірақ, атын өзгерткенімен жалпы мәдениеттің заты өзгермейтіні рас. Үлкендер жағы болса жастардың ішкі жан дүниесі дәл осылай түрлі-түсті болмай-ақ қойсыншы дегенге саяды.

«Бүгінгі жастарға бұл дұрыс емес. Корей еліне еліктеу ғой бұл. Әрине дұрыс емес. Бір жағынан дінге, екінші жағынан салт-дәстүрімізге де қарсы. Мұндайға қарсымын жалпы».

«Ол еліктеу шетелге. Біздер өзіміздің қазақы нақыштағы, қазақы жігіттерге тән байсалдылық. Ерекшелік көп қой қазақ жігіттерінің, соны сақтаған дұрыс деп ойлаймын».

«Мұндай болмау керек те. Менің жеке пікірім. Өйтіп жүрсе, ертең бұзылатын сияқты жастар.

«Кью поп» деген тек қана музыкалық жанр емес. Анық насихат құралы. Бір ғана мысал. Тоқсаныншы жылдардан бері небір субмәдениетті көрдік, білдік. Әуелде Америка, Еуропаның жүріс-тұрысы құпталды. Әні мен әдебі келді. Онымен бірге тауары әрі қолданыстағы дүниесі жаппай сәнге айналды. Енді міне уақыт өте кәрі құрлықтың ықпалынан шығып, Сингапур, Малайзия, Жапония, Корея сияқты елдердің мәдениетіне бет бұрыппыз. Әуелі музыкасымен әлдилеп мәдениетін әкеледі де, кейін экономикасын жүргізе бастайды.

«Қазір Кореяның тауарлары да көп болып кетті. Киімі, стилі келіп жатыр. Сонымен қатар тауарлары. Корей магазиндері, тамақтары, қалай тамақтану керек. Косметикасы, пластикалық хирургиясын айтпағанда. Осының өзі Кореядан келді ғой, Азия елдерінен» – дейді әлеуметтанушы Эльмира Сәкенқызы.

«Кью поп» өкіліміз, біз «иглзбыз» деп жүрген жастарға болды, бітті деп шорт кесіп, тыйым салуға болмайды дейді психолог мамандар. Себебі, жасөспірімдер қой деген сайын қасарысатын көрінеді. «Рухани жаңғыру» деп бастама көтеріп жатырмыз ғой. Бәлкім, соның аясында қазақы болмысқа сай, жастарға ұнамды қозғалыс бастауға болатын шығар. Өзге елге еліктегенше, жастар өз ұлттық кодына сай жолды тапса игі еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар