Шашқа арналған лактың кесірінен үй жарылып кетті

Ресейдің Ленинград облысындағы Криши қаласында пәтерлердің бірі жарылып, асүйдегі терезелері сынған.

Шашқа арналған лактың кесірінен үй жарылып кетті

Бұл туралы «Мойка78» өңірлік порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 5 қабатты тұрғын үйдегі 1 бөлмелі пәтерде орын алған.

Оқиға орнына келген полицейлер жарылғыш заттың іздерін таппады. Құқық қорғау органындағылардың мәліметінше, жарылысқа шашқа арналған лак себеп болыпты. Лак толы баллон пәтер иесіне тиесілі екен.

Қазіргі уақытта косметикалық құралдың неліктен жарылып кеткені анықталып жатыр.

Жарылыс кезінде үйде пәтерді жалға алушы ер адам болған. Абырой болғанда, ол зардап шекпепті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр