Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шашқа арналған бояу үшін студент қыздың түрі адам танымастай өзгеріп кетті (видео)

Францияда тұратын студент қыз шашқа арналған бояумен шашын бояғаннан кейін, аллергия туындап, салдарынан беті адам танымастай өзгеріп кетті.

Шашқа арналған бояу үшін студент қыздың түрі адам танымастай өзгеріп кетті (видео)

Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

19 жастағы Эстель супермаркеттен шашқа арналған бояу сатып алған. Ол бояуды қолданар алдында аллергия туындайтын-туындамайтынын анықтау үшін тест жасаған. Алайда оның нәтижесін 30 минут емес, 2 тәулік күту керектігін білмепті.

«Мен ақымақтық жасадым және басқаларға да менің әрекетімді қайталамауын ескерткім келеді», – дейді ол.

Бойжеткеннен шашын бояғаннан бірнеше сағат өткеннен кейін пара-фенилендиаминге аллергиясы пайда болыпты. Бұл зат бояғыштардың жасағанда қолданылады. Салдарынан Эстельдың басының төбесі ісе бастайды.

Артынша бойжеткен ауруханаға жеткізілді. Ол сауыққаннан кейін, желіде өзінің суретін жариялады.

«Өліп қала жаздадым. Мұндай жағдайды басқа адамдардың бастан өткергенін қаламаймын», – деп жазды Эстель.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр