Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Иесі қандай болса, шашы сондай": Мәдина Сәдуақасова концерт алдында қалай қиналатынын айтты

Мәдина Сәдуақасова концерттің алдында шашын жасауға қатты қиналатынын, ешқандай ыңғайға келмейтінін айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында сахнаның алдындағы дайындығын салып, шашының осы жолы қатты "еркелегенін" айтты. Әншінің пікірінше шашының ыңғайға келмейтініне өзінің қырсық мінезі кінәлі.

"Кеше сахнаға шығып кеткенше Жайна шашымды осылай умаждаумен болды, бабына келтіре алмай. Шашым әбден еркеледі-ау кеше. Ештеңеге көнбейді шаштарым. Шашы қандай болса, иесі де сондай", - деп жазды Мәдина ханым.

Шашының ұйпа-тұйпасы шығып, әншінің өзіне көңілі толмағанымен, тыңдармандары желіде қолпаштап, кез келген бейнесінің әдемі екенін айтты.

"Сізге барлық стиль жарасады. Мәдина әпке, сізді жақсы көреміз", "Тәп-тәттім сол, Мәдинам!", "Жарық жұлдыздай жарқырап жүріңіз", "Мәдина Сәдуақасова! Кешегі күні көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әдемі әндеріңізбен бізді қуантқаныңыз үшін мың алғыс. Сізді жақсы көремін", - десті желі қолданушылары.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр