Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаш кептіру кезінде әр әйел жіберетін 7 қателік

Шаш кептіруде тұрған қандай қиындық бар дейсің? Алайда, тәжірибе көрсеткендей, көптеген әйелдер аз ғана уақыттың ішінде шаштарына зақым келтіріп үлгереді. Бұл қателіктерге ендігәрі бой алдырмағаныңыз дұрыс.

Get-blow-dry-before-special-occasion-pay-double

№1 қателік: Шашыңыздың су екендігін естен шығармағайсыз

Феннің көмегімен шашыңызды кептірмек болған уақытта шашыңыз 70-75%-ға құрғақ болуы тиіс. Оның себебі жайында бас қатырудың да қажеті шамалы: шашыңызға ұзақ уақыт бойы әсер ететін ыстық ауа оны зақымдайды. Бұл, әсіресе, шаш ұшына қатысты. Шашыңызды орамалмен сүртіп алып, артынша өздігінен кебуіне мүмкіндік беріңіз. Тек осыдан кейін ғана фенді қолдануыңызға болады.

№2 қателік: Орамалды басыңызда ұзақ ұстамаңыз

Сұлу әйел басындағы орамалмен душтан шығатын фильмдердегі көріністі тек режиссердің еншісіне қалдырыңыз: стилистер мұнымен келіспейді. Су шашты ұзақ уақыт бойына орамалмен орауға болмайды. Біріншіден, бұл әрекетіңіз арқылы басыңызға сауна әсерін жасап, темірлер тері майын белсенді түрде бөле бастайды. Екіншіден, дымқыл шаш әлсіз әрі сынғыш келетіндіктен, арқан тәрізді бұрау арқылы оларға зақым тигізесіз. Артық суды сіңіріп алу үшін орамалмен ақырын ғана сүрткеніңіз жеткілікті. Алайда ұзақ сүрткілеп, нығыздап ораудың қажеті жоқ. Шашыңызды жылдам кептіргіңіз келсе, мынадай қулықты жасап көріңіз: шаш кептірер алдында орамалды жылы батареяға жайып қою арқылы не үтіктің көмегімен жылытып алыңыз. Жылу себепті шашыңыз тез құрғайды әрі бұл әдіс жанға жағымды.

№3 қателік: Шашыңызды салалап бөліңіз

Басыңызды төмен салбыратып тұрып шашыңызды кептіргеннен оңай әрі тиімді ештеңе жоқ іспетті. Нәтижесінде шашыңыз кеуіп, көлемді бола түседі. Бірақ аталған әдіс сыйлайтын көлемділік әсері 15 минуттан әрі аспайды. Мұндай тәсіл арқылы ұтар ешетеңе жоқ: ұзақ уақыт алады, көлем беретін әсері де нашар. Егер шашыңыздың жылдам кеуіп, көлемді болғанын қаласаңыз, шашыңызды салалап бөліп, қыстырғышпен қыстырып қойыңыз. Осылайша әрқайсын шаштың өсу бағытына қарай кептіріп алыңыз. Бұл әдіс көп уақыт талап етпейді, оған қоса, шашыңыз ұқыпты әрі сәнді көрінеді. Өз кезегінде шашыңыз бен феннің арасындағы қашықтық 15-20 см болу керектігін ұмытпағайсыз.

№4 қателік: Феннің қондырғысы барын ұмытпаңыз

Иә, сөз феннің үйректұмсық сынды біртүрлі қондырмасы жайлы. Бірқатар адамдар фен үрлейтін ауаның ауданы барынша ұлғайтып, сол арқылы уақыт үнемдемек үшін аталған «тұмсықты» алып тастап жатады. Бірақ, қандай жағдай болса да, мұндай әрекетке бармағаныңыз жөн. Бұл қондырғы ауа ағымының қарқындылығына себін тигізіп, шаштың жылдам кебуіне, әдемі қалып беруге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, ол ауа ағымының шаштарға біркелкі тарауына ықпал ететіндіктен, шаш тік және сау көрінеді.

№5 қателік: Тарақ таңдағанда мұқият болыңыз

Домалақ пішінді тарақтардың ең жақсысы табиғи қылдан (жабайы шошқа қылы) жасалатынын сансыз қайталауға болады. Мұндай тарақ бас терісін уқалап, ұйысып қалған дымқыл шаштың өзін жақсы тарқатып, шаш құрылымын бұзбайды және жылтырата түседі. Оған қоса, шаш ұштануының алдын алады.

№6 қателік: Фенді дұрыс ұстай біліңіз

Көптеген әйел оң қолына фенді, сол қолына тарақ ұстап жатады. Оң қолымыз көп істе басымдық танытқанымен, шаш кептіру кезінде керісінше жасап көріңіз. Бұл әдіс 2-3 күндей қолайсыз болып көрінсе де, қолыңыз жаттыққаннан кейін шаш кептіруге аз уақыт кетіп, нәтижесінің де өзгеше екенін байқай аласыз.

№7 қателік: Нәтижесін ұзақ сақтауға үйреніңіз

Фен үрлейтін ыстық ауа шаш кутикуласын ашып, шашыңызды өз қалауыңызша сәндеуге мүмкіндік береді. Ал шаш кепкен кезде кептіру процессін салқын не суық ауа ағымымен аяқтаған дұрыс. Нәтижесінде шаш талшықтарының сыртқы қабаты жабылып, шаш сәні ұзағырақ сақталады. 30 секунд уақытыңызды ғана талап ететін әдістің пайдасы мен тиімділігі мол.

Талқылау