Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаш үлгісін өзгерткен Салтанат Бақаеваны тыңдарманы Ресей әншісіне ұқсатты (фото)

Жаңа шаш үлгісін жасатқан Салтанат Бақаеваны жұрт Ресей әншісі Настя Каменскихке ұқсатты. Тыңдармандарының көпшілігі әншінің жаңа шаш үлгісін ұнатпай қалды.

Screenshot_5

Тыңдармандар Бақаеваның жаңа образын әр түрлі өнер иелеріне ұқсатты. Кейбіреулер Салтанат шаш үлгісін Мадина Сәдуақасовадан қайталаған десе, енді біреулер актрисаны Айгүл Иманбаеваға ұқсатқан. Желі қолданушыларының басым бөлігі актрисаға мұндай шаш үлгісін жасатпауға кеңес берген.

«Сізге мынадай шаш жараспайды екен», «Обал-ай мына шашқа», «Өзің сүйкімді, әдмісің, мына шаш үлкен көрсетіп тұр», «Түріңізді бұзып тұр», «Соңғы кездері өзгеріп кеттің. Әдемі қалпыңды сақтап қалшы», – дейді желі қолданушылары.

Есесіне өзгерістің де қажет екенін айтып, Салтанатты қолдаған жандар да баршылық.

салта2

«Ерекше әдемі болып тұр. Қатып қалған ештеңе жоқ. Үнемі өзгеріп тұру керек», «Үйлесіп-ақ түр. Әдемі», «Жарасады», – деді желі оқырмандары.

жанатбек салта

Жіберіп алмаңыз: 

Ләйлә Сұлтанқызы өзін жұмыстан шығартпақ болған журналиске жауап берді

“Ninety One” тобының ата-аналары оларға сырға мен боялған шаш үшін ұрысқан

Асхат Тарғынмен жаға ұстасқан асаба төбелестің неден шыққанын айтып берді

Сәкен Майғазиев: Болашақта мәдениет министрі болғым келеді

Талқылау