Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шаршадым: Жұлдыз Өмірғали өзіне өлім тілеген оқырмандары жайлы айтты

Айқынмен көңіл қосқалы Жұлдыз Өмірғалиға жағымсыз пікір жазатындар жетерлік. Осы уақытқа дейін көптің сөзін елемеуге тырысқан арудың бүгінде шыдамы шегіне жеткен. Тіпті, қарғыс сөздерінен кейін Жұлдыздың жүйкесі сыр бере бастаған көрінеді.

Жұлдыз Өмірғали

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Маған көп адамдар пікір жазады. Сол комментарий, пікірлер жазған кезде көптеген адамдар мені түсінбей, қарғап жататын кездер болады. Сол жаман сөздер жазады. Оның барлығы менің жүрегіме әсер етеді, шаршадым”, – дейді Жұлдыз.

Жұлдыз өзінің тарапына айтылған сөздердің сүйектен өткенін жасырмайды. Қарғыс сөздерін оқығанда жылап та аламын, дейді Айқынның қазіргі келіншегі.

“Ойымыз өзгерді деген адамдар бар араларында. Бірақ, кейбіреулері «бәрібір түбі оңбайсың, болмайсың, қызың туылса басыңа келсін, өліп қал, көз жасына қалып қал, сөйтіп қал, бүйтіп қал» деп, мені көме салатын жағдайға жеткізді”, – дейді Өмірғали.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау