Шариғат бойынша сәуір айының жаңбыры көптеген дертке дауа

Сәрсенбі, 19 Сәуір , 2017 19:02

Сәуір жаңбырының пайдалары. Жыланның уы, балықтың інжуі, тіпті бал арасының балы да осы жаңбыр суынан пайда болады. Сәуір жаңбыры қиыншылықтарға кеңшілік, дерттерге дауа, ауруларға шипа су. Сулардың ішіндегі ең таза су – сәуір жаңбыры.

LONDON, ENGLAND - OCTOBER 03:  A woman experiences the 'Rain Room' art installation by 'Random International' in The Curve at the Barbican Centre on October 3, 2012 in London, England. The 'Rain Room' is a 100 square meter field of falling water which visitors are invited to walk into with sensors detecting where the visitor are standing. The installation opens to the public on October 4, 2012 and runs until March 3, 2013.  (Photo by Oli Scarff/Getty Images)

Сәуір жаңбырында суланған киім шірімейді, шаштар төгілмейді, әсіресе оқылған сәуір жаңбыры Алланың рұқсатымен қояншық ауруына шипа болады, психологиялық ауруларға дауа, тән ауруларына қарсы көп пайдалы. «Тіпті баласы болмай жүргендер ішсе, Алланың рұқсатымен балалы болады» деп айтылған. Хз. Әбус Суғуд (р.һ.) былай дейді: «Бұл суды ішкен кісінің барлық ауруларына пайдасы бар. Тіпті баласы болмаған кісі осы судан ішсе Алланың рұқсатымен жүкті болады», деп жазады everything.kz.

Сәуір жаңбырына оқылатын дұға мен сүрелер.
1) Салауат шәріп 70 рет.
2) Истиғфар шәріп 70 рет.
3) Фатиха шәріп 70 рет.
4) Әятүл Күрсі 70 рет.
5) Ләқад жә-әкум (аятын соңына дейін) 70 рет.
6) Ясин шәріп 1 рет.
7) Әләм Нашрах ләкә 70 рет.
8) Инна Әнзәлнәһу 70 рет.
9) Кафирун суресі 70 рет.
10) Ихлас сүресі 70 рет.
11) Фәлақ сүресі 70 рет
12) Нас сүресі 70 рет.
13) Субханаллаһи Уәлхамду лилләһи (тәсбих дұғасы) 70 рет.
14) Лә Хаулә уа лә қууата иллә билләһил алийл азим 70 рет.
15) Салауат шәріп 70 рет.

Егер осы дұғаларды өзі оқи алмай жатса, қатесіз оқи алатын кісілерге оқытады.

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ: Сәуір жаңбырын алу тәсілі; ыдыс биік жерге қойылады. Жаңбыр тіке ыдысқа түсуі керек. Жылғадан аққан су жарамайды.

Әр жылы сәуір айының (Руми күнтізбесі бойынша) 17-і Алла Тарапынан ағаштар мен шөптерге тұқымдар төгіледі. Бұлардың барлығы ғажайып сырлар. Міне, Алла Тағаланың жаратылыстағы Жарату құдіретінде біз білмейтін көптеген сырлар мен хикметтер бар. Хз. Пайғамбарымыз бір хадис шәріпінде былай дейді: «Жәбірәйіл (а.с.) маған сондай керемет дәрі үйреткені (соншалық ол дәрінің арқасында) емшілердің дәрісіне мұқтаждық қалмайды». Сахабалар: «(Ол дәріні) бізге де үйрет уа, Алланың пайғамбары!» деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сәуір жаңбырын жинаңдар. Оған 70-рет Фатиха сүресін, 70 рет Ыхлас сүресін, 70 рет Фалақ сүресін, 70 рет Нас сүресін, 70 рет тәсбих дұғасын (Субханаллаһи уалхамдулилләһи) оқып, 7 күн үзбей таңертең және кешке бір стакан ішіңіздер. Мені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант етейін Жәбірәйіл (а.с.) маған былай деді: «Бұл суды ішкен кісінің денесінен, тамырынан, сіңірінен, еттерінен ол кісіге қиыншылық берген ауруларын Алла Тағала кетіреді. Ол кісіге денсаулық пен амандық береді».

Тағы бір хадис шәріпте былай делінген: «Мені хақ Пайғамбар қылып жіберген Алла Тағалаға ант етейін баласы болмаған ер осы судан әйеліне ішкізсе Алланың рұқсатымен әйелі жүкті болады. Басы ауырған әйелі болған ер әйеліне осы судан ішкізсе, осы су (оның жазылуы үшін) жеткілікті. Ішкен кісінің қақырығын кетіреді. Жел оған зиян бермейді. Жаман жағдайлар оған жоламайды. Бел ауруынан, қарын ауруынан еш арызы қалмайды. Алапес ауруынан қорықпайды, көкірек ауырына душар болмайды, жүрегіне келген уәсуәсә шығып кетеді.

Менмендік, қызғаншақтық, тәкәппарлық, дұшпандық, ғайбат, сөз тасушылық (сияқты рухани аурулардың барлығы) дүниедегі барлық өткінші болғандар үшін Алла Тағаланың рұқсатымен пайдалы болады». Тәфсир әл-Кәбир, Фахриддин Рази (р.һ.). Сәуір жаңбырының жиналатын күндері Руми күнтізбесі бойынша Сәуір айының 7сінен бастап, ай соңына дейін. Биыл миләди жыл санауы бойынша Сәуір айының 20нан бастап, Мамыр айының 13-не дейін.

Тағы да оқыңыз:

Ел аумағында нөсерлі жауын жауып, үсік жүреді

Шариғат үкімі бойынша депозитте ақша сақтау дұрыс па

Шариғатта шарапты шипа үшін ішуге бола ма

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар