Шариғат бойынша мұсылмандарға қандай есімдерді балаға қоюға болмайды

Шариғатта балаға қоюға болмайтын есімдер де, керісінде қоюы абзал болатын есімдер де бар. Дінімізде кейбір есімді адамға қоюға неліктен тыйым салынады?

Фото: Қазақ үні

1) Алла Тағаладан өзге біреудің құлы не соның иелігіндегі адам екенін білдіретін сөздерді қоюға болмайды.

Мысалы, Абдуннәби (бұл Пайғамбардың құлы деген мағынаны білдіреді), Абдуламр (патшаның құлы), т.б. Адам тек Жаратушы Алланың ғана құлы болғандықтан, өзге біреудің құлы деп ат қою – өрескел қате, деп жазады Асыл арна.

2) Алла Тағалаға ғана тән көркем есімдерді қоюға болмайды.
Мысалы, Әл-Халиқ, Әр-Рахман, Әр-Рахым, Әл-Мәлик, Әс-Самад, Әр-Рашид, т.б. Бұл есімдер тек Аллаға ғана тән болғандықтан, алдына «Абд» қосымшасын (приставка) қосу керек, себебі, «Абд» сөзі «құл» деген мағынаны білдіреді. Қазақтағы Әбдіраxман, Әбдірахым, Әбдікәрім, Әбдісаттар, Әбдіжәміл деген есімдер осы қағидаға сүйеніп қойылған.

3) Аллаға ортақ қосудың рәмізін білдіретін есімдерді де қоймаған дұрыс.
Абдулманап, Абдушамс, т.б. Мысалы, бес мыңға жуық хадис жеткізген сүйікті сахабалардың бірі Әбу Һурайраның (р.а) шын есімі – Абдушамс болған. Абдушамс – «күннің құлы» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан да оның атын Әбдурраxман деп өзгерткен. Ал Пайғамбарымыздың (ﷺ) немере ағасы Әбу Ләһәбтің алғашқы есімі Абдул-ъузза болған. «Ъузза» – Алладан өзге сыйынатын қолдан жасалған құдай пұттың аты. (идол) Ал кейін оны Әбу Ләһәб, яғни оттың, тозақтың атасы деп атады. Екі аты да осындай жаман мағынаны берген ол шынында да, дінсіз болып, әрі Пайғамбарымызға (ﷺ) дұшпандық жасап, ең ақырында жұқпалы ауруға шалдығып өледі. Әрі оған байланысты «Мәсәд» деген сүре түсіп, ол сүреде оның тозақтық екені баяндалады.

4) Пайғамбарымыз (ﷺ) адамдарды әдемі есіммен атауға бұйырған. Адамды күлкі, келеке ететін сөздер мен жан-жануар, хайуандардың есімдерін қоймаған абзал. Сондай-ақ, мағынасы тек Аллаға ғана белгілі «Та Һа», «Ясин», «Ха Мим» секілді Құран сүрелерінің аттарын да қоймаған дұрыс. Себебі, бұлар арабтың та және һа, йа және син, ха және мим сынды әріптерінің атаулары. Бізге мағынасы беймәлім. Ол әріптердің мағынасы Аллаға ғана аян. Ал Кәусар, Ибраһим секілді мағынасы бар сүре аттарын қоя беруіңізге әбден болады.

Тағы да оқыңыз:

Қыздардың 575 мұсылманша есімі мен олардың мағынасы

Мұсылманша есімдер немесе есім таңдай білесіз бе?

Әр мұсылман білуі тиіс Алланың 99 көркем есімі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар