Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шариғат бойынша қызбен жүру күнә ма

“Жасым 25-ке толып, үйленуге асығып жүрмін. Екі жылдан бері сөз байласып жүрген қалыңдығым да бар. Үйлене қояйын десем, не жұмыстың, не қаражаттың ыңғайы келер емес. Екі жылдан бері қызбен жүруім күнәға жата ма?” деген азаматтың сауалына діндарлар жауап берді.

image_l

Қыз бен жігіттің араласуы мен жүруіне шариғат тыйым салады. Өйткені, бөгде әйел мен ер кісі оңашаланатын болса, міндетті түрде араларына шайтан кіреді. Ондай кезде адам баласы нәпсісіне (шаһуатына) ие бола алмай қалуы бек мүмкін, деп жазады muslim.kz.

Жігіт пен қыздың бұлай жүруі мен араласуының соңы зинаға алып барады. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде қыз бен ұл баланың оңаша қалуына тыйым салған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбәрак хадисінде: «Ер кісі мен әйел оңаша қалмасын, өйткені олардың үшіншісі шайтан болады», – деген. Сол сияқты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бөгде әйелге қол беруден де қайтарған: «Сіздердің біреулеріңіз бөгде, өзіне халал болмаған әйелдің қолын ұстағаннан, басына темір инені қадағаны жақсырақ».

Тағы бір хадисте Алла Елшісінің (с.ғ.с.) жұбайы Айша (р.а.) анамыз: «Аллаға серт Пайғамбарымыз бірде-бір бөгде әйелдің қолын ұстаған емес».

Егер сол қызға үйленетін ойыңыз болса, кездескенде қыздың жанында махрамы (туыс сіңлілері немесе құрбылары) болуы тиіс. Әрі тек мағруф (жақсы) сөздер айтылып, оңаша қалуға болмайды. Әйтпесе, шайтанның торына түсіп қалуыңыз мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Христиандық-баптистік дін ұстанған әйелдің денесін мұсылман зиратынан қазып алып тастады

Есінеу шарттары: Дінде есінеудің шайтаннан болатыны айтылған

Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді

Ағылшын жігіті қырғыз қызына қол жеткізу үшін ислам дінін қабылдап, қалыңмал төлеген

Талқылау