Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шарапова брендімен шығатын шоколодтар мамыр айында сатылымға түспек

Ресейлік танымал теннисші Мария Шарапованың брендімен шығатын шоколад өнімдері мамыр айында нарыққа жол тартпақ. Бұл туралы Baron Chocolatier компаниясының вице-президенті Кристофер Маттина мәлім еткен. Шарапова брендімен өндіруші компания арасындағы серіктестік келісімге келгендігі туралы 1 ақпаратта жарияланған еді.

960x0

Сурет gamesetmatch.ru

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

“Мария миллиондаған адамдар үшін үлгі боларлық тұлға, ол өте керемет әйел. Ол жіберген қателігіне қарамастан, оны жеңіп өте алатынын дәлелдейді. Біз ол қайтадан тенниске оралып, өзінің мықтылығын дәлелдейді деп үміттенеміз”, – дейді Маттина.

7 наурыз күні теннисші Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында допинг-тестің қорытындысы туралы мәлімдеген еді. Бұл ақпаратты халықаралық теннис федерациясы да растаған. Шарапов тыйым салынған препаратты қолданды деген айыппен 12 наурыздан бастап турнирлерден шеттетілді. Спортшының ісі бойынша алғашқы тыңдалым 23 наурыз күні Лондонда өтеді.

Америкалық спорттық киімдер өндіретін Nike компаниясы, сағат жасаушы швейцариялық TAG Heuer компаниялары да Шараповамен екі ортадағы серіктестікті үзді. Сондай-ақ, немістің Porsche компаниясы да спортшының қатысуымен өтетін барлық шараларды алып тастаған. Ал Evian компаниясы Шарапова медициналық негізде қолданды деп ойлайтындықтан, спортшымен қарым-қатынасты сақтап қала алды.

Шарапова қолданған мельдоний дәрмегі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынған препараттар қатарына енгізілген. Оны жасап шыққан латвиялық Ивар Калвиньш дәрі тек жүрекке түскен ауыртпалықты азайтады деп, оны допинг қатарына жатқызбаған.

Талқылау