Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Шаншарлықтар» әйел образына деген құмарлықтарын түсіндірді

Зейнеп Ахметованың қатаң сынына ұшыраған Шаншар директоры әйел образын сомдауда актерлерге шектеу қоймақ ойы жоқ. Алдағы уақытта оң жамбасына келер кейіпкерлер болса, әлі талай халықты қыран-топан күлкіге қарық қылатын көрінеді.

рне

Бұл туралы ойымен “Ревю” бағдарламасында бөлісті.

Атақты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Шаншар» әзіл-сықақ театрының басшыларын қатаң сынап, қазақ ер азаматтарының әйел образын сомдауға жақын екенін айтқан болатын. Бұл сыннан театр әртістері хабардар болып шықты.

“Кешегі Құдайберген көкеміз қандай әйелдердің образын жасады сахнада. Не дейміз енді соған. Дұрыс емес деп айтамыз ба?! Неге дұрыс емес?! Әйелдер орындай алмайтын нәрсені орындап берді. Бұл – актердің шеберлігі. Талдағанда, сынағанда осы мәселесін сынасын. Әйел образын жасай алды ма анау? Жоқ құры босқа әйелдің киімін киіп шығып, өзі мазақ болып қалды ма? Сол кезде мұны дұрыс деп санар едік”, – деп айтылған сынның орынсыз екенін жеткізді.

33-020

Театр актері Нұржан Құлшынбаев “Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апамыз бізді көріп қалыпты. Негізі бұған дейін бірде-бір актер әйелдің рөлін ойнамаған екен. Біз ғана ойнаған екенбіз. Сол бізді көріп қалыпты енді. Ол кісіге не айтса да жарасады. Біз көтеруге тиіспіз”, – деп сынмен келіссе де, мұны өздерінің кәсібі екенін айтып жатыр.

Ал Ғалымжан Қатпаров “Әзілдеу керек. Әзілдегененнен кейін соны халыққа жеткізу керек. Ол енді қазақтың келіндері мынандай болған деп сыпайы, қолына адыраспан беріп, басына орамал жауып қойсаң халық күлмейді ғой. Халықты жылату оңай, күлдіру өте қиын” деп мұның бар болғаны шынайы өмірді бейнелемейтін қалжың екенін тілге тиек етті.

740e337c5a33c5aba8edbc21a96e0687

Шымшыма әзілдерімен халық жүрегі мен көңілінен орын алып жүрген театр сынға назар аудармастан, жұмыстарын осы қарқынмен жалғастыра беретін көрінеді.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Зейнеп Ахметованың  “Шаншар” театрын қатаң сынағаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау