“Шаншар” театрының актері әйелдің рөлін сомдаудан жалыққанын айтады

Сейсенбі, 26 Шілде , 2016 13:25

Зейнеп Ахметова әйел рөлін сомдауға құмар еркектерді сынаған-ды. Олардың бұл әрекетін мәдениетсіздікке балаған. Осы сөз көп артиске әсер етсе керек. Сахна шеберлері әйел рөлін сомдаудан ұялатындықтарын айтып жатыр. Олардың қатарында Нұржан Құлшынбаев та бар.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kzАйта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұржан Құлшынбаевтың томпиған түріне қарап әріптестері оны “Томпақ Нұржан” деп атап кеткен. Халыққа әйел образын сомдаумен танылған Нұржан әр қойылымына ерекше дайындалады екен. Тіпті образға кіру үшін көшедегі әйелдерді бақылап, сөйлеген сөздері мен іс-қимылдарын айнытпай салатын көрінеді.

“Сомдаған образдарым өз ойымнан шығады. Бірақ әйел рөлін сомдай беруден жалықтым. Кәсібімнен емес, бар болғаны әйел рөлін сомдаудан ұяламын. Халық мені қолынан басқа ешнәрсе келмейді деп ойлайтын сияқты”, – дейді Нұржан Құлшынбаев.

Сахнада әрдайым көңілді жүретін Нұржан мырзаның көңілсіз сәттері көп болады екен. Бұған тағы да өзі сомдайтын рөлдері себеп.

“Шаншар қойылымдарының ішінде мен сомдайтын еркек рөлі бар. Бірақ ол да бәрібір қызша сөйлеп, сызылып қалған ер адам. Кейде қазақтың көйлегін киіп, басыма үкі тағып шығамын. Семіз қыздың басында үкінің қалай көрінетінін елестетіп көріңізші”, – дейді ол.

Ал актердің Нартай Сүлейменов, Шәкен Амантұров секілді әріптестері керісінше әйел рөлін қуана-қуана сомдайтындықтарын айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Зейнеп Ахметова “Шаншар” театрын қатаң сынады

Әріптестерімен ренжіскен Жұлдызай Дүйсенбиева қайда жүр

«Шаншарлықтар» әйел образына деген құмарлықтарын түсіндірді

Жазушы Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекова шаңырақ көтерді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар