Шалқар әкімі мен кәсіпкерлер Бердібек Сапарбаевты алдап соқты (фото, видео)

Дүйсенбі, 29 Тамыз , 2016 11:45

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шалқар ауданына жұмыс сапарымен шығып, ел жайымен танысты. Іссапар кезінде Шалқар қаласындағы «Болашақ» бақшасы ашылды. Ал бұл балабақшаның лентасы осыдан 2 жыл бұрын қиылып, кілт тапсыру рәсімі де өткен.

fff

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Бершүгірдегі қиыршық тас өндіру зауытының жаңа желісін ашты. Мұнда таң қылаң бере ағаш үй тігіліп, арнайы сахна дайындалды. Ал жұмысшылар мен сценарий авторлары бірнеше мәрте дайындықтарын пысықтап, тіпті, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың образына еніп, халықпен амандасты, қызыл түйінді басып, зауытты іске қосуға рұқсат берді.

bbbb

Өңір басшысының сапарына қуанған жұмысшылар болса бірнеше ай бойы 13 мың теңге жалақы алып жүргенін, кейбірі қысқарып қалғанын жеткізудің жолын іздеді. Алғашында ешкім бата алмады. Өңір басшысы «сұрақтарыңыз бар ма, қазір кетіп қаламын, кейін өкініп жүрмеңіздер» деп қайта сұрағанда алда тұрған жұмысшылар емес, зейнеткерлер балаларының жұмысындағы қиындықтар туралы айтып берді.

kkkk

«Балаларымыз қиыршық тас зауытында жұмыс істейді. Шынын айтқанда, 2015 жылдан бері жұмысшылар дұрыс жалақы алған емес. Қазір «Тұмар», «Темір жол жөндеу» серіктестіктері болып екіге бөлінді. Жұмысшылар қысқарып жатыр. Менің балам 13 мың айлық алады. Оның бала-шағасын зейнеткер – мен асырап отырмын»,- дейді зейнеткер Роза Абжапарова.

hhh

Ал Қуаныш Сандығұл – зауытта қысқартуға тап болған жұмысшылардың бірі. Ол зауыт құрылысына қатысқан, ұзақ жылдар бойы машинист-конвейер болып еңбек еткен. Кәсіпорын басшылары арыз-шағымды тыңдаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты алдағы уақытта мекеме кеңейіп, жаңа жұмыс орындары ашылады деп сендірді.

Кейін Бердібек Сапарбаев Шалқар қаласына барды. Бір қызығы, ерекше дайындалып, өзгелерден асып түсуді мақсат еткен шалқарлықтар 7 бірдей ақ түсті «Джип» көлігін дайындап, басшыларды күтіп алды. Ал өңір басшысының жұмыс сапары мен жаңа нысандардың ашылуын, халықтың жайы туралы ел ішін хабардар ететін тілшілер «Жигули», «УАЗик» көліктеріне мініп, жүйткіген шетелдік көліктерге ілесуіне туралы келді. Кей нысандарға барар жолда адасып, таныстырылымға кешігіп қалды.

Сорақысы сол – Бердібек Сапарбаевты аудан әкімі Бауыржан Қаниев пен кәсіпкерлер алдап соғып, 2014 жылы лентасы қиылған «Болашақ» балабақшасын екінші рет ашты. Салтанатты жиынға балалар, ата-аналар мен білім бөлімінің мамандары қатысты.

Мына суреттер дәл осы балабақшаның 2 жыл бұрын ашылғанын айғақтайды.

ed28c50cfe677c44848310d8b883ccc6

8bc6697c746b8f21b52e57e391bc8ef1

e7a217900fcb14f685dcceddafebafa3

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар