Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шәкіртақы тағайындайды: Әйгілі меценат Ресейде оқитын қазақстандық студенттерге қолдау жасайды

Қазақстандық филантроп Оралбек Ботбай Ресейде оқитын қазақстандық студенттерге стипендия тағайындады. Меценат көп жылдан бері жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған жарыстар ұйымдастырады.

Биылғы жылы жарысқа қазақстандық студенттер, Ресей азаматтары қатыса алды. Іріктеу турнирін еліміздің елшілігінің қолдауымен ресейлік «Жас Тұлпар» қазақстандық жастар қауымдастығының еріктілері ұйымдастырды, деп хабарлады “24 Хабар” арнасы.

Мәскеуде финалға 20 үміткер қатысты. Олардың 11-і оқу жылы ішінде ай сайын стипендия алады. Ол жастар арасында білім беру және ғылыми қызметті ынталандыруға бағытталған. Ұйымдастырушылар қаржылай қолдау түріндегі ынталандыру студенттердің әлеуметтік маңызды қызметке және еріктілікке деген қызығушылығын арттырады деп үміттенеді.

“Мен «Жас Тұлпардың» бір бөлігі ретінде жасалатын жобамды іске қосуды жоспарлап отырмын. Студенттік ұйымдарда жұмыс істеген жылдары, өкінішке оқарай  ешқандай қолдау болмады. Біз әрдайым ынта-жігермен жұмыс істедік. Қазір қаржылай қолдауым бар, мен одан да көп жұмыс істеймін деп ойлаймын”, – дейді Экономика Жоғары мектебінің аспиранты Малика Шайкенова.

“Биылғы жылы этникалық қазақтар үшін бірінші рет өткізіліп жатыр, бұл қолдау тек қазақстандық студенттермен ғана емес, тарихи отанымыздың да бізді қолдайтынын білдіреді”, – дейді студент Нұрссұлтан Наурызбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр