Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахтинскте гимнастикамен айналысатын бала абайсызда баулыққа асылып қалды

26 қазан күні Шахтинск қаласында гимнастикамен айналысатын 12 жастағы бала швед қабырғасы деп аталатын баулықтарда жаттығу жасап жатып, шатасып кетіп, қылғынып қалады.

Бұл туралы «Новый вестник» жазады.

“Баланың анасы үйде болған. Ол бұл турниктерде жаттығу жасап жүргендіктен ата-анасы уайымдамаған. Ол қолын тіреп айналған кезде баулықты шатастырып алып, арқан баланың мойынын орап қалады, ол айғайлап жіберіп босанып шығу үшін секіріп кеткен. Сол жерде бірден асылып қалады. Анасы оны құтқарып үлгере алмай қалады. Оқиға орынына келген полицейлер де мұның ешқандай суицид емес екенін растады. Отбасы да, бала да өте жақсы еді. Ол бүгін ғана тарихтан олимпиадаға қатысуға өтініш берген болатын”, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Николай Онсович.

Бала 27 қазан күні жер қойнына табысталады. Ол отбасының жалғыз ұлы екен.

“Ол әркез көңілді, қайырымды бала болды. Спортпен айналысып, белсенділік танытатын. Оның қазасына әлі сене алмай отырмыз. Бұл өте ауыр қайғы”, – дейді мектеп директоры Ирина Сторожко.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік өзенге түсіп кетті

Алматыда үнемі жезөкшелердің етін тұтынып келген үш санитар кәуап жасап, көршілерін қонақ қылған

Алматыда жалақы даулаған жігіт қарынын өткір затпен тіліп тастады

Алматы облысының жол бойында көлік жолаушы әйелдің аяғын жұлып әкетті (фото)

Талқылау