Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Шахтер” футбол клубының бұрынғы жаттықтырушысы дүниеден озды

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бұрынғы жаттықтырушысы Владимир Журавель ұзаққа созылған дертінің салдарынан қайтыс болды. Белорусьтің танымал футболшысы әрі жаттықтырушысы 48 жасында дүниеден озды.

Владимир Журавель

Бұл туралы «Шахтер» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Владимир Журавель 2018 жылдың қаңтар айында «Шахтер» клубының жаттықтырушысы болды. Екі тараптың келісімі бойынша, ол биылғы жылдың шілде айында қызметінен кетті. Футбол клубындағылар жаттықтырушының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

«Оның жарқын естелігі жүрегімізде мәңгі сақталады», – дейді клубтағылар.

Владимир Журавель минксілік «Динамо» клубының құрамында футболшы болған кезде, 6 рет Беларусь чемпионы атанған. Ол спорттық мансабын тәмамдағаннан кейін жаттықтырушы ретінде де бірқатар жетістікке қол жеткізді. Оның клубтары 5 рет Беларусь чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау