«Шахтер» футбол клубын 1000 теңгеге алатын адам табылмай жатыр
Бірнеше жылдық тарихы бар қарағандылық «Шахтер» футбол клубын не бәрі 1000 теңгеге сатылмақшы,-деп жазды КТК арнасы.
Команда бұған дейін ел ішінде екі мәрте чемпион болған,суперкубокты жеңіп алған. Десе де футбол командасын 1000 теңгене де алатын адам табылмай тұр.
«Шахтер» осымен төртінші рет сатылымға шығарылған.2014 жылы команданы 215 миллион шамасындағы қаржыға сатпақ болған. Екінші мәрте сатылымға шыққанда жарты бағасына түскен. Үшінші сатылымға шыққанда 53 миллион болған.
Биылғы жылы 1000 теңгеге сатылмақ. Бұған қоса клубтың 208 миллионға жуық несиелік қарызы бар. Команданың жылдық шығыны 3 миллиард теңгеге жуық. Шенеуніктер команданы сенімді қолға тапсырып, кейін ғана құжаттарды рәсімдеуді көздеп отыр.
«Команда сенімді қолға беріледі деп сенемін. Бір берілген адамға 10 жылдық келісім шарт жасалады. Басқаратын адамға қояр шартымыз да бар. Команда мемлекеттік қаржыландыруда болады. Бірақ оны қолына алған адам басқарады»,-дейді Мемлекеттік активтер мен сатып аулу басқармасының бастығы Мұрат Кадеков.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық спортшы 30 секундта қарсыласының аяғын аспаннан келтіріп жеңіске жетті (видео)
Неймар әлем футболы тарихында бұрын-соңды болмаған бағаға сатылды
Светлана Подобедова ана атанды
Нью-Йорктың ең үздік полицейі Димаштың 9 қыркүйек күнгі қарсыласы анықталды