Шахматшы Асаубаеваның анасы Ресейге неліктен кетіп қалғандарын айтып берді

Сенбі, 5 Қараша , 2016 19:03

Журналистерге Ресей мемлекеті берген жаңа үйін көрсеткен қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы, қызының неліктен мұндай бетбұрыс жасағанын түсіндіріп берді.

45454444

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды.

“Менің алғашқы бапкерім алматылық маман Олег Дюба болды. Ол алғашқыда мені командасына алғысы келген жоқ, өйткені оның курсы өте табысты ұжым еді. Сосын мен Ресей құрамасына назар салдым, ол құрама маған өте қатты ұнады”, – дейді Бибісара.

“Мұнда барлық спорт үшін, оның ішінде шахмат үшін де үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. Әсіресе, жас балаларды үлкен спортқа кәсіби тұрғыда дайындап, оларды ынталандыра біледі. Ойлана келе осында көшу керек деген шешім қабылдадық”, – дейді анасы.

Қазақстанда әйелдер арасындағы рейтингте Бибісара 4-ші орында болған. Ал қазір Ресей рейтингінде 33-ші орында екен. Спортшының анасы Ресейдің өте үлкен ел екенін ескере отырып, бұл әлдеқайда жақсы көрсеткіш дейді.

“Бізге пәтер сыйлады. Әзірге азаматтық алмадық. Азаматтық алған кезде ол пәтерге бізге өмір бойы қалатын болады,” – дейді анасы.

Ал Бибісараның айтуынша, ол Батумиде өткен чемпионат кезінде жеңімпаз атанып, кәсіби мансабындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ал сол сәтте Ресей әнұраны ойналғанда, ол өзін шексіз бақытты сезінген. Бұған дейін Шахмат федерациясы Бибісара Асаубаеваның Ресей құрамасына ауысып кетуіне қатысты пікір білдірген еді.

Оқи отырыңыз:

БАҚ-қа шолу. Қазақтардың арғы бабасы христиандар болуы мүмкін

Шетелдік БАҚ Жәнібек Әлімханұлына Головкиннің ізбасары деген баға берді

Допинг дауына іліккен спортшыларға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Қанат Ислам мықты қарсыласы Аллотейді жеңіп кәсіби рингтегі 22-жеңісіне жетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
26 күні 8 сағат кері

Ресейдің əнұраны ойнағанда өзін бақытты сезінген дей ме? Намыссыз!

Елдос
26 күні 9 сағат кері

Қолда бар алтынның кәдірі жоқ

Анонимно
26 күні 15 сағат кері

Atah uwin atin sathandar

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар