Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахизадаға белгісіз біреулер қастандық жасады

Әнші Шахизаданы белгісіз біреулер суық қарумен қорқытып, қастандық жасамақ болған.

a8c984d4c63a527c581ed498289806c9

Фото: instagram.com/shakhizada_art/

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Күзде болатын жеке концертіне дайындалып жатқан әнші Шахизадаға қастандық жасалыпты. Әншінің айтуынша, белгісіз біреулер оның жақында өтетін шығармашылық кешіне кедергі жасап жүрген сыңайлы. Оқиға үйінің маңындағы көлік тұрағында болған. Тіпті, суық қару да кезеген.

Әнші “Қазақстан”  атты жаңа әніне бейнебаян түсіріп жұмысын жалғастыруда.  Бұл жолы Алатау баурайында орналасқан Медеу мұз айдынын таңдаған екен. Шахизада әнді жалғыз өзі орындамайды. Жас әнші Ілияс Байбосыновпен бірігіп жазған. Шығындарын да бірігіп өтейді.

Шахизада танымал болған сайын өзімен бірге дуэт орындауға ынталы жастардың көбейгенін жеткізді.   Әнші табиғат аясында, ашық аспан астында түсірген әнбаянын жаздың соңында сүйікті көрерменіне тарту етпек.


Жіберіп алмаңыз:

Шахизаданың жолдасы өзінен 10 жас кіші “тоқал” алды

Әнші Шахизада “жыртық” шалбар киемін деп жұрттың сынына қалды

Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар

Талқылау