Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахизада қастандық жасаған адамды өзін әйел ретінде ұнатты деп ойлаған

Шахизада өзіне жасалған қастандық туралы толығырақ баяндап берді. Оның айтуынша, бұл көлік тұрағындағы орынға таласқан көршісі болуы мүмкін. Мұнымен қатар, оны өзін ұнатып жүр деп те болжады.

image

Фото: instagram.com/shakhizada_art/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Шахизаданың түн ұйқысын төрт бөліп келіп қастандық жасаған көршісі болып шықты. Олар бірер уақыт бұрын көлік тұрағындағы орынға бола келіспей қалған екен. Әнші оның өзін бақылап отыратынын бірнеше рет байқап қалған көрінеді. Десе де, оның түпкі мақсатының не нәрсе екенін біле алмай отыр. “Бәлкім өзімді әйел, әнші ретінде ұнатқан болар” деп болжайды әнші.

“Жалпы мұндай жағдайдың басымнан өткені рас. Әрине, жұртқа жар салып, жарнамалағым келмеген. Мұны біреулердің әдейі ұйымдастырып отырған-отырмағанын да білмедім. Осы уақытқа дейін көлік тұрағындағы орынға бола көршімізбен арамызда түсініспеушілік болған еді. Бәлкім осы жағдай себеп болды.

Күнде үйден әдеміленіп киініп тойға барамын. Арасында әртіс көйлегімді киіп концертке барамын. Осының барлығын бір адамның бақылап отыратынын байқайтынмын. Өзі балконға шығып маған бір нәрсе айтпақ болатын. Ал мен уақытым тығыз болғандықтан, тыңдамай жүріп кетемін.

Мен тұратын жерде көліктердің арнайы белгіленген орны жоқ. Ерте келген адам өзіне ыңғайлы жерге қояды. Сөйтсем мен көлік қойған жерді біреулер иемденген екен. Бұдан мүлдем бейхабармын. Түн ұйқымды төрт бөліп маған көлігіме байланысты қатты-қатты сөздер айтты. Концертім туралы да естіген екен. Сол туралы да айтып өтті. Мұндайда өзімді сабырлыққа шақырамын. Оған жанжалдасып жатуға уақытым жоқ екенін айттым.

Учаскелік бөлімшеге барып өзімді мазалап жүрген жандар туралы толығырақ баяндап бердім. Олар енді ешкімнің мазаламайтындығына уәде берді. Осылайша жартылай тақырыпты жауып қойдық. Менің мерейтойлық концертім болғалы жатыр. Мүмкін сол концертімді көре алмай жүргендер шығар. Ер азамат болған соң мен оны әнші, әйел ретінде қызықтырған болуым да ғажап емес. Соған арнайы тиіскісі келді ме білмедім”, – дейді Шахизада отандық бағдарламалардың бірінде.

Әнші жуырда ауқымды мерейтойлық кешін өткізбек. Аталған концертінде Италияның танымал әншісімен дуэт айтуды жоспарлап отыр екен.


Жіберіп алмаңыз:

Шахизаданың жолдасы өзінен 10 жас кіші “тоқал” алды

Әнші Шахизада “жыртық” шалбар киемін деп жұрттың сынына қалды

Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар

Шахизадаға белгісіз біреулер қастандық жасады

Рөлде ән салған Шахизада қауіпсіздік белбеуін тағуды ұмытты (видео)

Талқылау