Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахандағы апатқа қатысты алғашқы болжам айтылды

Шахандағы көпқабаты үйдегі жарылыс жертөледегі қазандықтың шамадан тыс қайнап кетуінен болуы мүмкін. Бүгін Ішкі істер минстрі осындай болжамды жария етті. Дегенмен, Қалмұханбет Қасымов оқиғаның нақты себебі жүргізіліп жатқан сараптама арқылы анықталатынын жеткізді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

shahan_w

Шахан кенті бойынша облыс әкімінің есебін тыңдаған премьер Бақытжан Сағынтаевтың да, жалпы Қарағанды облысының биылғы жылу маусымына дайындығына көңілі толған жоқ. Шахандағы апат болған үйдің қазандығы шамадан тыс қайнаудан жарылуы мүмкін. Осылай деген Ішкі істер министрі нақты себепті айтуы тиіс от жағушыны әлі таппай жатқандарын да мәлімдеді. Сондықтан болжам әзірге осыған саяды.

“Сол күні кешкі сағат 8 жарымда жарық сөніп қалған. Салдарынан суды жүйеге айдайтын насос жұмысын тоқтатыпты. Ал қазандық суды 95 градусқа дейін қайнатуға шақталған. Айналымсыз тұрған судың қайнап, осы градустан асуы жарылысқа әкелді деп санаймыз”, – дейді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі де Шаханда атқарылып жатқан жұмыс жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, құлаған подьездің сол жағын бөлшектеп алып, тазарту ісі ертең аяқталады. Одан кейін подьездің жартысында қалған пәтердер жөнделіп, қабырғалары қапталмақ. Бұл жұмыс қорға түсіп жатқан қаражат есебінен жүргізілуде. Сол қордан өтемақы да төлене бастаған.

Нұрмұхамбет Әбдібеков зақым көрген пәтерлер жөнделген соң, онда тұрғындардың қоныстануына болады деді. Бірақ облыс әкімі апаттан үрейі ұшқан жұрттың ол пәтерлерге аттап басқысы жоқ екені жөнінде тіс жармады. Әйтсе де, үкімет басшысынан сын естімей қалған жоқ.

“Жылу беру маусымына дайындық сапасыз жүргізілген. Бәрі жақсы деп есеп бергеніңізге қарамастан олқылықтар әшкере боп жатыр. Мәселен, кеше Жезқазған жылусыз қалды. Осындай жағдай жыл сайын қайталанып келеді”, – дейді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев. Осылайша, Бақытжан Сағынтаев жылу маусымы алдында Әбдібековтің дайынбыз деп берген есебін жоққа шығарды. Сондықтан оған жанына Энергетика министрлігінің мамандарын ертіп, аймақтағы жылу жүйелерін тағы бір тексеріп шығу жүктелді.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні түнгі сағат 22:40-та Шахан ауылындағыкөпқабатты үйдің бір подъезді толықтай опырылып ортасына түскен. Оқыс оқиға кесірінен 9 адам – үш ер адам, үш әйел, үш бала қайтыс болды.


Жіберіп алмаңыз:

Шашылып жатқан бөлмеде селфи жасаған бойжеткен елдің сынына қалды (фото)

Қарағандыда телефонына қарап тұрған баланы автобус қағып кетті (видео)

“Дом-2” шоуы Қазақстанда кастинг жариялайды

Уақытша тіркеуге тұрмағандарға бір ай ішінде айыппұл салынбайды

Талқылау