Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шәкеевтер отбасындағы қайғыдан материал жасауға асыққан тілшілер ұятқа қалды

Арман Шұраев Шәкеевтер отбасындағы  қазадан материал әзірлеуге асығып, ұятты шетке ысырған тілшілерге ашуланды. Ол Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафардың қаза болғаны нақтыланғанына бір сағат өткен кезде “Еуразия” бірінші арнасының тілшісі хабарласқанын айтады. Журналист қара жамылып отырған әкеге көңіл айтудың орнына ертерек пікір білдіруін сұраған екен.

тілші11111

Фото: Vlast.kz

«Журналистік этика жайлы. Бүгін біз қара жамылып отырмыз. Біздің ағамыз Еркеш ұлынан айырылды. Сафардың өлімі расталғанына бір сағат уақыт өткен кезде Еркештің телефонына бір қыз қоңырау шалды. «Саламатсыз, мен “Еуразия” бірінші арнасынанмын. Сафардың қазасы жайлы жылдам пікір білдіріп кетсеңіз» деді. Сол кезде Еркештің телефоны менде болғаны жақсы болды. Әйтепес, қайғыдан  қан жұтып отырған әкеге бұл өте ауыр нәрсе. Әрине мен ол қызға  белгілі үш әріпті сөзді айттым. Ол қыз мұнымен қоймай Еркештің достарына да пікір білдірулерін сұрап тыныштық бермеген. Адамның қайғысынан мансабын артық көрген тілшіні түсінбедім. Ұят пен сөздің ретін білсеңіздер!»,-деп жазды Арман Шұраев.

тілші

Өзінің желідегі парақшасында болған жайтты баяндаған Арман Шұраев дәлел ретінде мына хат алмасқан сәттің суретін жариялаған.

Талқылау