Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шахтер" пенальти сериясында "Колосты" басып озып Конференция лигасының плэй-офф кезеңіне шықты

Қарағандылық "Шахтер" украиналық "Колосты" ұтып, Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда өткен кездесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Командалар қосымша уақытта да мықтыларды анықтай алмады, бірақ пенальти сериясында сәттілік қарағандылықтар жағында болды, есеп – 3:1.

Матч қаһарманы "Шахтер" қақпашысы Игорь Шацкий болды, ол үш бірдей пенальти соққысын қайтарып, командасына жеңіс сыйлады.

Естеріңізге сала отырайық, екі команда арасында Украинада өткен алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталған еді.

Енді "Шахтер" плей-офф кезеңінде "Спартак" (Трнава) – "Маккаби Тель -Авив" жұбының жеңімпазымен ойнайды. 

Талқылау